(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИН. 2011...

Осы редакция 2012 жылғы 12 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2011 жылғы 13 сәуірдегі

№ 127-ө бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау»
мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі - регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі - Қазақстан Республикасының азаматтарына «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде берілетін ай сайынғы ақшалай төлем;

2) зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - департаменттер) - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары;

3) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы (бұдан әрі - тұтынушы) - мемлекеттік қызмет көрсетілетін жеке тұлға;

4) Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі - Орталық) - «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметі уәкілеттеген заңды тұлға;

5) Орталықтың филиалы - Орталықтың облыстық, Астана мен Алматы қалаларының филиалдары;

6) Орталықтың бөлімшелері - Орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері;

7) ОДҚ - Орталықтың орталық дерекқоры.

3. Мемлекеттік қызметті Орталықтың аудандық, қалалық бөлімшелері көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.