(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ...2011...

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесін бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 3-НП нормативтік қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 145-бабының 4-3-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесі бекітілсін.

2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің аппарат басшысы Е.Қ. Сыздықов бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы нормативтік қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3. Осы нормативтік қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Республикалық бюджетінің

атқарылуын бақылау

жөніндегі есеп комитетінің

2011 жылғы 31 тамыздағы № 3-НП

нормативтік қаулысымен бекітілген

 

 

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың

үлгі жүйесі

 

 

1. Негізгі ережелер мен ұғымдар

 

1. Осы сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жоспарлау және жүргізу кезінде қолданылатын тәуекелдерді басқарудың үлгі жүйесі (бұдан әрі - Үлгі жүйе) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 145-бабының 4-3-тармағын орындау үшін әзірленді.

2. Үлгі ереженің негізгі мақсаты бақылаумен барынша қамту мақсатында тәуекелі жоғары, сондай-ақ тәуекелге аса бейім бақылау объектілерін анықтау болып табылады.

3. Үлгі жүйені пайдалану кезінде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) бақылау объектісі - бюджет процесіне қатысушылар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.