Тарату комиссияларының Қазақстан Республикасында таратылатын банктердің есептері мен қосымша ақпаратын ұсыну нысандарын, мерзімдерін және кезеңділігін және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы № 375 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 227 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметін бақылауды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасында таратылатын банктердің тарату комиссиялары ұсынатын есептер мен қосымша ақпараттың нысандары осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29-қосымшаларына сәйкес;
2) Тарату комиссияларының Қазақстан Республикасында таратылатын банктердің есептері мен қосымша ақпаратының нысандарын толтыруы, оларды ұсыну мерзімдері және кезеңділігі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулының 30-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 375 қаулысына
1-қосымша
Нысан
20__ жылғы «___»_____________________ жағдай бойынша
(есепті күн)
________________________________ баланстан тыс шоттары бойынша есеп
таратылатын банктің атауы
мың теңгемен
| Шоттың нөмірі | Шоттың атауы | Сомасы | Өзгерістер (4-баған - 3-баған) | |
| Алдыңғы есепті күні | Есепті күні | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
|
| Шартты және ықтимал талаптар |
|
|
|
| 6000 | Аккредитивтер бойынша шоттар |
|
|
|
| 6005 | Шығарылған орны толтырылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар |
|
|
|
| 6010 | Расталған орны толтырылмаған аккредитивтер бойынша ықтимал талаптар |
|
|
|