Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы № 180 Қаулысы
(2012.27.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 24 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 41-бабының 4-тармағына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабына және 9-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған пруденциалдық нормативтердiң нормативтiк мәндері, оларды есептеу әдiстемесi туралы нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекiтілсін.
2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2010.29.11. № 174 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2011.26.12. № 221 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Нұсқаулықтың 15-тармағының 11), 12) тармақшаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулымен бекітілген Нұсқаулықтың 15-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацы 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
6-1-тарау 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):