«Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 188 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 20, 175-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде:
50-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Объектіні пайдалануға беру шығындары болған жағдайда салалық уәкілетті мемлекеттік органның және ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру (қосу-қалыпқа келтіру жұмыстары) шығыстары бойынша мемлекеттік ведомстводан тыс құрылыс сараптамасының қорытындысы талап етіледі.»;
53-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) салалық уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін ведомстволық нормативтерге сәйкес объектіні пайдалануға беру шығындарының негізділігі.»;
74-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жергілікті бюджетте қаражат жеткіліксіз болған жағдайда стратегиялық және (немесе) әлеуметтік маңызы бар, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен астанада іске асырылатын, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған техникалық-экономикалық негiздемеде немесе үлгiлiк жобада көзделмеген қосымша компоненттерді енгiзуге байланысты жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының ұлғаюы бойынша, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1000000 еселенген мөлшерінен астамын құрайтын шығыстар республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.»;
77 және 78-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: