Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғалардың мәселелері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 180 Қаулысы
(2011.30.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2007 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімге қоса берілген Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының Қаржы ережелерінің 2-бабы b) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығына Қазақстан Республикасынан жіберілетін лауазымды тұлғаларды ұстауға арналған шығыстар сметасы бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 2011.30.12. № 1738 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)