«Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 200 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 200 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасында:

«Ағымдағы ахуалды талдау» деген 3-бөлімде:

«Тұрғын үй қоры және тұрғын үй қатынастары» деген 1-кіші бөлімде:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) деректері бойынша 2010 жылы КПТҮ-ге жататын тұрғын үй қорының 50,1 млн. шаршы метрі немесе 32 % жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3,8 млн. шаршы метрі (2 %) бұзылуға жататын, одан әрі пайдалануға жарамсыз авариялық тұрғын үйлер.»;

жетінші бөлік мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«инвестициялық тартымдылығының төмен болуы;

қолданыстағы қуаттардың және техникалық-технологиялық шешімдердің теңгерімсіздігі.»;

«ТКШ-дегі ағымдағы жағдайдың күшті және әлсіз жақтарын талдау» деген 4-кіші бөлімде:

«коммуналдық желілер мен объектілер жүйесін дамыту» деген жолдың «Мүмкіндіктер» деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«инженерлік желілер мен объектілерге жаңғырту және қайта жаңғырту жүргізу, оның ішінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарында жобаларды іске асыру арқылы өткізу»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.