7) өтініш берілген спорт түрін, спорттық пәнді оқытудың әдістемесі мен бағдарламасы;
8) жарыс үдерісін көрсететін жарыс барысында түсірілген бейне (фото) материалдар;
9) Ұлттық Олимпиада комитетінде немесе халықаралық спорттық бірлестікте (егер ол осы бірлестікке мүше болса) спорттық ұйымның мүшелігін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмесі;
10) спорт түрін дамытудың бағдарламасы.
60. Спорт түрлері қағидаларының 20-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырмаған жағдайда, уәкілетті орган өтініш берушіге тапсырған күннен бастап он жұмыс күні ішінде барлық құжаттарды қайтарады.
Өтініш келіп түскен күннен бастап, отыз күнтізбелік жұмыс күні ішінде қаралады.
61. Мыналар спорт түрін, спорттық пәнді танудан бас тарту туралы шешім қабылдауға негіздеме болып табылады:
1) өтініш иесінің құжаттарда расталмаған немесе өзгертілген ақпаратты ұсынуы;
2) өтініш берілген спорт түрінің, спорттық пәннің осы жарыс ережелерінің талаптарына сай болмауы;
3) өтініш берілген спорттық пәнде (спорттық пәндер үшін) жарыс нәтижелері бойынша медальдің сарапқа салынбауы.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының тең жартысынан аз облыстарында дамыған спорт түрлерін, олардың даму ерекшеліктерін, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінде уағыздалатын спорт түрлерін ескере отырып, спорт түрлерінің Тізіліміне енгізеді.
62. Спорт түрін тану және оны Тізілімге енгізу туралы шешім қабылдау үшін уәкілетті орган құрамы үш адамнан кем болмайтын тұрақты әрекет ететін комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
Комиссия өтініш берушінің ұсынған құжаттарына талдау жүргізеді және оның нәтижелері бойынша тиісті спорт түрін, спорттық пәнді Қазақстан Республикасында тану немесе танудан бас тарту және оларды Тізілімге енгізу (енгізбеу) туралы шешім қабылдайды.
Тиісті шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде өтінім берушіге жіберіледі.
Спорт түрін, спорттық пәнді танудан бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін және сондай шешім шыққан соң оның себептері жойылса, өтініш иесі уәкілетті органға құжаттарды қайта қарау туралы өтініш беруі мүмкін.
63. Тізілім осы спорт түрлері ережесінің 5-қосымшасына сәйкес нысанда қалыптасады және жүргізіледі.
Тізілімнің нысаны мынадай бөлімдерден тұрады:
1) спорт түрінің атауы;
2) спорт түрінің нөмір - коды;
3) спорттық бағдарламаның атауы;
4) спорттық бағдарламаның нөмір - коды.
64. Нөмір - код 11 белгіден тұрады.
Нөмір - кодтар тиісінше спорт түрін, спорт түрінің атауын, маусымдылығын, спорттық пәнді, өңірлерде тарауын, спортшылардың жынысы мен жасын айқындайды.
65. Нөмір - кодтың бірінші саны спорт түрінің жеке нөмірі болып табылады:
1 - олимпиадалық спорт түрлері;
2 - олимпиадалық емес спорт түрлері;
3 - ұлттық спорт түрлері;
4 - техникалық спорт түрлері;
5 - Арнайы олимпиялық спорт түрлері;
6 - Паралимпиялық спорт түрлері;
7 - Сурдолимпиялық спорт түрлері;
8 - қызметтік - қолданбалы спорт түрлері;
9 - әскери-қолданбалы спорт түрлері.
Нөмір - кодтың екінші, үшінші, төртінші сандары спорт түрінің атауын айқындайды.
Нөмір - кодтың бесінші саны спорт түрінің, спорттық пәннің маусымын айқындайды:
1 - жазғы спорт түрлері;
2 - қысқы спорт түрлері.
Нөмір - кодтың үшінші саны спорт түрімен, спорттық пәнмен шұғылданудың маусымын, сондай-ақ спорт түрінің, спорттық пәннің ойын немесе ойын емес сипатын айқындайды:
1 - спорттың жазғы ойын емес түрі;
2 - спорттың жазғы ойын түрі;
3 - спорттың қысқы ойын емес түрі;
4 - спорттың қысқы ойын түрі;
5 - маусымдық емес, спорттың ойын емес түрі;
6 - маусымдық емес, спорттың ойын түрі;
7 - спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндерді біріктіретін маусымдық емес спорт түрі;
8 - спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндерді біріктіретін жазғы спорт түрі;
9 - спорттың ойын, сондай-ақ ойын емес спорттық пәндерді біріктіретін қысқы спорт түрі.
Нөмір - кодтың төртінші саны спорт түрінің, спорттық пәннің елімізде таратылуын көрсетеді:
1 - Қазақстан Республикасының тең жартысынан көп облысында дамыған спорт түрі, спорттық пән;
2 - Қазақстан Республикасының тең жартысынан аз облысында дамыған спорт түрі, спорттық пән.
Нөмір - кодтың бесінші белгісі спорт түрімен, спорттық пәнмен шұғылданушылардың жынысы мен жасын айқындайды:
А - ерлер, жігіттер (жасөспірімдер);
Б - әйелдер, қыздар (жасөспірім қыздар);
Г - ерлер, жігіттер (жасөспірімдер), әйелдер;
Д - қыздар (жасөспірім қыздар);
Е - ерлер, қыздар (жасөспірім қыздар);
Ж - әйелдер;
К - ерлер, әйелдер, қыздар (жасөспірім қыздар);
Л - ерлер, әйелдер;
М - ерлер;
Н - жігіттер (жасөспірімдер), қыздар (жасөспірім қыздар);
С - жігіттер (жасөспірімдер), қыздар (жасөспірім қыздар), әйелдер;
Ф - ерлер, жігіттер (жасөспірімдер), қыздар (жасөспірім қыздар);
Э - жігіттер (жасөспірімдер), әйелдер;
Ю - жігіттер (жасөспірімдер);
П - аралас жұп/топ;
Я - барлық санаттағылар.
66. Уәкілетті органның бастамасы, дене шынықтыру және спорт туралы жергілікті атқару органдарының, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың арыздары негізінде уәкілетті орган Тізілімге өзгерістер енгізеді.
Мына жағдайларда өзгерістер енгізіледі:
1) спорт түрінің, спорттық пәннің атауы өзгертілсе;
2) спорт түрінің ережесі немесе ресми халықаралық спорттық жарыстардың ережелері (регламенті) өзгертілсе;
3) спорт түрлері, спорттық пәндер біріктірілсе;
4) спорт түрлері, спорттық пәндер бөлінсе;
5) спорт түрлері, спорттық пәндер алып тасталса.
67. Спорт түрлерін, спорттық пәндерді Тізілімнен алып тастау туралы шешім қабылдаған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы дене шынықтыру және спорт туралы жергілікті атқару органдарына, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға өзі шешім қабылдаған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде хабарлайды.
68. Тізілімге өзгерістер енгізу туралы өтініште тиісті спорт түрінің, спорттық пәннің (спорттық пәндердің) атауы, сол спорт түрімен, спорттық пәнмен шұғылданатын спортшылардың жынысы және жас тобы, өзгерістер енгізудің негіздемесі көрсетіледі.
69. Спорт түрлерінің ережесінің 20-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар уәкілетті органға ұсынылмаса, уәкілетті орган өзіне түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде барлық ұсынылған құжаттарды қараусыз өтініш иесіне қайтарып береді.
70. Тізілімге өзгеріс енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдауға мыналар негіздеме болады:
1) өтініш иесі ұсынған құжаттарда расталмаған немесе өзгертілген ақпараттың анықталуы;
2) спорттық пәндерді біріктіру немесе бөлудің нәтижесінде туындайтын спорттық пән бойынша өткен жарыс нәтижелері бойынша медаль жиынтығы сарапқа салынбаса;
3) осы спорт түрімен шұғылданушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, қатысушылардың жас тобына өзгерістер енгізу мүмкін болмаса.
71. Спорт түрлерін, спорттық пәндерді Тізілімнен алып тастау үшін мыналар негіздеме болып табылады:
1) үш жыл ішінде жарыстардың бағдарламасында спорт түрінің, спорттық пәндердің болмауы;
2) Қазақстан Республикасының тең жартысынан астамында спорт түрін табиғи-климаттық жағдайларға, шұғылданудың күрделілігіне және өзге ерекшеліктеріне байланысты дамытудан бөлек, аталған спорт түрі Қазақстан Республикасы өңірлерінің кем дегенде, жартысында дамыса.
қағидаларына 1-қосымша
Жарыстардың негізгі сипаттары