ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖІКТЕУІШІ
_______________________________________________________________________
НЕГІЗГІ ҚОРЛАР ЖІКТЕУІШІ
ҚР МЖ 12-2009
Мазмұны
Материалдық негізгі қорлар (негізгі құралдар)
Азаматтық құрылыстың басқа да объектілері
Көлік құралдары мен жабдықтары
Өзге де машиналар мен жабдықтар
Басқа топтамаларға енгізілмеген негізгі құралдар
Материалдық емес негізгі қорлар (материалдық емес активтер)
Ойын-сауық жанры, әдебиет және өнер туындыларының түпнұсқалары
Өзге де материалдық емес активтер
9 Негізгі қорлар жіктеуішіне түсініктемелер
А қосымшасы (ақпараттық) Негізгі қорлар жіктеуішінің ірілендірілген топтамаларының тізбесі
Осы жіктеуіш бухгалтерлік және статистикалық есепке алу салаларындағы негізгі қорларды есепке алу мақсатында кеңінен қолдануға арналған.
Осы жіктеуіш материалдық негізгі қорлар (негізгі құралдар) және материалдық емес негізгі қорлар (материалдық емес активтер) екі бөлімін қамтиды. Әрбір бөлім 1993 жылғы Ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ93) және Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарының (ҚЕХС) талаптарына сәйкес жіктелген.
Жіктеуішті біріктірудің түрлі деңгейлерінде: экономикалық қызметтің жекелеген субъектілері деңгейінде; субъектілер топтары деңгейінде; бүкіл экономика деңгейінде қолдануға болады.
Негізгі қорларды есепке алу үшін жіктеуішті пайдалану [1] талаптарына сәйкес аса маңызды макроэкономикалық статистикалық көрсеткіштер әзірлеуге мүмкіндік береді.
Осы жіктеуішті қолдану үшін мынадай сілтемелік нормативтік құжат қажет: