(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 31.12.04 Ж. № 1457 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау туралы ереженi бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1457 Қаулысы

 

Осы редакция 2013 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау туралы ереже бекітілсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 1457 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасының жануарлар

дүниесін мемлекеттік қорғау туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi.

Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау (бұдан әрi - жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғау) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрi уәкiлеттi орган) құрылымында ұйымдастырылады.

2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғаудың

мiндеттерi мен функциялары

2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттік қорғаудың негiзгi мiндеттерi:

1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу;

2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi жөніндегі ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды уәкiлеттi, құқық қорғау және сот органдарына жiберу болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.