Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрамын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 наурыздағы № 251 Қаулысы
(2015.20.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар республикалық меншіктен:
1) жалпы ұзақтығы 18,7 километр А-1 «Астана-Петропавл, Көкшетау қаласы арқылы» автомобиль жолының учаскесі Ақмола облысының;
2) жалпы ұзақтығы 18 километр Р-2 «Астана-Қорғалжын» автомобиль жолының Ақмол кентіне дейінгі учаскесі Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.