«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк қатысу үлестерiн иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 867 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк қатысу үлестерiн иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2012 жылғы 11 желтоқсандағы № 867 бұйрығы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 177-бабына сәйкес, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк қатысу үлестерiн иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің қызметін жыл сайын бағалау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі акциялардың мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк қатысу үлестерiн иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) бекітілсін.

2. «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі», «Қазтелерадио», «ҚазжолҒЗИ», «Қорқыт ата» Әуежайы», «Қазақстан көлік лизингтік компаниясы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестері:

Әдістемеге сәйкес Қоғамдардың атқарушы органдарының мүшелерін бағалауды жүзеге асырсын;

Әдістемеде көрсетілген Қоғамдар қызметтерінің негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыратын қызмет түрлерінің ерекшелігін ескеретін Қоғамдар қызметкерлерін бағалау мен сыйлықақы төлеудің ішкі жүйесін әзірлеп енгізсін;

осы бұйрықтан туындайтын қабылданған шаралар туралы ақпаратты 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне ұсынсын.

3. «Дара қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - Серіктестік):

Әдістемеде көрсетілген Серіктестік қызметтерінің негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыратын қызмет түрлерінің ерекшелігін ескеретін Серіктестіктің қызметкерлерін бағалау мен сыйлықақы төлеудің ішкі жүйесін әзірлеп енгізсін;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.