Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 Қаулысы
(2016.30.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 208 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары;
2) тәуекел дәрежесінің критерийлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2015.10.04. № 214 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы
№ 279 қаулысымен
бекітілген
Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын
растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 625-бабына сәйкес әзірленді және қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының (бұдан әрі - ҚҚС) асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін айқындайды.
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.