Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 113 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 230 бұйрығымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Тарифтерді құру жөніндегі ереже және Комиссияның құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 48 бұйрығында:
2-тармақтағы «А.Д. Құрманғалиеваға» деген сөз «Б.Т. Төкежановқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді құру жөніндегі Комиссия туралы ережеде:
4-тармақта:
2, 4, 5)-тармақшалар мынадай жаңа редакцияда жазылсын;
«2) Комиссияның жұмысшы органы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті;»;
«4) тариф - тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде көрсетілетін медициналық қызмет бірлігінің құны;»;
«5) клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрі - КШТ) - емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біркелкі топтары;»;
5-тармақтың 7) және 8)-тармақшалары алынып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комиссияның құрамына Комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері кіреді. Хатшы мүше болып табылмайды;»;
14-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Комиссия шешімін орындаушыға дейін жеткізу;
25-тармақтағы «өңдеуші» деген сөз «орындаушы» деген сөзбен ауыстырылсын;