«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 248 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 193 бұйрығы
Халыққа медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандары туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 248 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің штаттан тыс бас мамандары номенклатурасында:
мынадай мазмұндағы 74, 75-тармақпен толықтырылсын:
«74. Аритмология бойынша маман»;
«75. Бас акушер»;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас мамандарының тізімінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын: