(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ 2012.19.01 № 31 Б...

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Үйлестіру штабының құрамында Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін тұрақтандыру жөнінде экономикалық кеңес құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 31 бұйрығы

(2012.25.09. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 28 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 23-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі бойынша Үйлестіру штабының құрамында Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметін тұрақтандыру жөнінде экономикалық кеңес (бұдан әрі - Экономикалық кеңес) құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Экономикалық кеңестің құрамы;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Экономикалық кеңес туралы ереже бекітілсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2012.25.09. № 655 бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2012 жылғы 19 қаңтардағы

№ 31 бұйрығына 1-қосымша

 

 

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу бойынша Үйлестіру штабының құрамында мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының

 қаржылық-шаруашылық қызметін тұрақтандыру жөніндегі экономикалық кеңестің

құрамы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.