«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 87/1 Қаулысы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 778/3 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» № 745 қаулысына, сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар қаласының әкімі | О. Қайыргелдинов |
2013 жылғы 24 қаңтардағы
№ 87/1 қаулысымен
бекітілді
«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы
орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызметтің атауы: «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және олардың кезегі» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.