«Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 18 наурыздағы № 152 бұйрығы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 31-бабына сәйкес және мемлекеттік емес секторда қатерлі ісік аурулары бар пациенттерге емдеу-диагностикалық қызметтердің жекелеген түрлеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2009 жылғы 14 қазандағы № 526 бұйрығына (Мемлекеттік тіркеу тізімінде 2009 жылғы 5 қарашадағы № 5847 тіркелген, 2009 жылғы 24 қарашадағы № 179 (1776) Заң газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: