Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 бұйрығы
(2014.10.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 494 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті (Т.М. Савельева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн және оның ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.