Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 399 Қаулысы
Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 28 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабындағы 2 тармақтың 8) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Облыстық бюджет есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бағыты бойынша республикалық ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландыратын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «Алматы облысының білім басқармасы» (Ғ.М.Аманова) және «Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» (Н.Т.Сатыбалдина) мемлекеттік мекемелері техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мамандарды даярлаудың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру мен 1 және 2 қосымшаларға сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
4. «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ғ.М.Аманова) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында мамандарды даярлаудың 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының орындалуын қамтамасыз етсін.