2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуға;
4-1) 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша өзгертілді
7) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіге немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын қағидаларға сәйкес цифрлық құжаттар сервисінен өзіне және отбасының кәмелетке толмаған мүшелеріне қатысты электрондық құжаттарды пайдалануға;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қоспағанда, мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді жеке өзі немесе заңды өкілі арқылы алуға құқығы бар.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар жəне олардың филиалдары мен өкілдіктері мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.
5-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің құқықтары мен міндеттері
1. Көрсетілетін қызметті берушілердің:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінен мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін қажетті ақпаратты алуға құқығы бар.
2) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Көрсетілетін қызметті берушілер:
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын жəне көрсетілетін қызметті беруші тиісті салада реттеуді немесе басшылықты жүзеге асыратын уəкілетті органмен келісу бойынша бекіткен қағидаларға сəйкес əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуге;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) мүгедектігі бар адамдардың мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету, оның ішінде цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларында белгіленген мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге;
2015.03.12. № 433-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда
6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын осы Заңда белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
9) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдануға;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын цифрлық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) цифрлық күту парағын пайдалана отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдауды жүзеге асыруға;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11) тармақша өзгертілді
11) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы деректерді оларды көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12) тармақша өзгертілді
12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған келісімін не ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы келісімін алуға;
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 13) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) тармақша өзгертілді
13) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалануға;
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 14) тармақшамен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 14) тармақша өзгертілді
14) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартуға;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
15) төрешілдік жəне сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеуге;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 16) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
16) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын цифрлық объектілер жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан:
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын цифрлық жүйелерден немесе цифрлық құжаттар сервисінен алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік корпорацияның салыстырып-тексеруі үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
5-1-бап. Көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің құқықтары мен міндеттері
1. Көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің көрсетілетін қызметті берушілерден мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты алуға құқығы бар.
2. Көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілер:
1) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
2) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға теріс жауап беруге, сондай-ақ кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған кезде сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысын беруге;
3) көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер, оның ішінде цифрлық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты уақтылы ұсынуға міндетті.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 2-тараудың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оны жүзеге асыруды ұйымдастырады.
7-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, талдау және мониторингтеу негізінде оларды көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алуға және көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдайды;
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат сұратады;
5) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
2018.13.06. № 160-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асырады;
7) 2015.02.11. № 384-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-бап. Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган:
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекітеді және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органмен және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асырады;
4) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларының жобаларын келісуді жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын әзірлеу бойынша орталық мемлекеттік органдардың қызметіне мониторинг жүргізеді;
7) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1) дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету кезінде жеке тұлғаларды биометриялық сәйкестендіру үшін олардың биометриялық деректерін жинау, өңдеу және сақтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 8-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
8-2) мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер тізбесін қалыптастыруды жəне бекітуді жүзеге асырады;
9) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
9-бап. Цифрландыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті
Цифрландыру саласындағы уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) - 6) 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8) Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
8-1) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) Бірыңғай байланыс орталығы қызметінің және Бірыңғай байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауы қағидаларын бекітеді;
10) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 11) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
11) мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық нысанын көздейтін мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
11-1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті цифрлық жəне проактивті форматтарға көшіруді келіседі;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 12-1) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
12-1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;
12-2) 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 12-3) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 12-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.21.05. № 86-VIII ҚР Заңымен 12-3) тармақша өзгертілді (2024 ж. 22 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-3) мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 12-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 12-4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру процестерін бағалауды жүзеге асырады;
13) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
13-1) проактивті қызметтер көрсету тәртібін бекітеді;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
13-2) көрсетілетін қызметті алушыны аутентификациялау тəсілін айқындау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда сыныптау қағидаларын бекітеді;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
13-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы алынған мемлекеттік жəне өзге де көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда көрсету нəтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тəртібін бекітеді;
2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 13-4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
13-4) цифрлық құжаттар сервисінде электрондық құжаттарды көрсету жəне пайдалану қағидаларын бекітеді;
14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 9-1-баппен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
9-1-бап. Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) Мемлекеттік корпорацияның қызметі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік корпорацияның қызметін және оның көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауын үйлестіреді;
5) 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асырады;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
8) Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.