«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық акт мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген күннен бастап үш айдан кешіктірілмейтін мерзімде əзірленеді жəне бекітіледі.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

5. Қоғамдық маңызы бар қызметтерді көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерді бекіту талап етілмейді.

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 14-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

14-бап. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің мазмұнына қойылатын талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт:

1) 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді

2) мыналардың:

мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызмет керлерінің) әрекет ету;

мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл жасау;

мемлекеттік қызмет көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілермен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ цифрлық жүйелерді пайдалану;

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тәртібін сипаттауды;

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда; 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және көрсетілетін қызметті берушілерге, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілерге жіберу тәртібін;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-1) тармақша өзгертілді

3-1) мыналарды:

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;

мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауын;

көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің атауын;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдерін;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімін;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысанын;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесін;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін;

көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін;

мемлекеттік қызметті жəне оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны;

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.

 

15-бап. 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

16-бап. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

17-бап. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК НЕМЕСЕ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ БАР ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ

 

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 18-бап жаңа редакцияда (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-бап. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету

1. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетілетін қызметті берушілер көрсетеді.

2. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушілер арқылы;

2) Мемлекеттік корпорация арқылы;

3) әріптестік ұйымдар арқылы;

4) «цифрлық үкімет» веб-порталы арқылы;

5) стационарлық абоненттік құрылғы арқылы;

6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы;

7) орталық мемлекеттік органдар айқындаған ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 18-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

18-1-бап. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдері

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мерзім басталуы тиіс оқиғаны немесе мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы заңнамада көзделген жылдармен, айлармен, күндермен, сағаттармен немесе минуттармен есептелетін уақыт кезеңін көрсете отырып, күнтізбелік күнмен айқындалады.

Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актілерде белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.

Мерзімнің аяқталуы көрсетілетін қызметті берушілерді, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілерді мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден босатпайды.

Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдері осы Заңда белгіленген жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін.

Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдерін ұзартуға жол берілмейді.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жылдармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы жылының тиісті айында жəне күнінде аяқталады.

Айлармен есептелетін мерзім мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде аяқталады. Егер айлармен есептелетін мерзімнің соңы тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

Күндермен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы күнінде аяқталады. Егер мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуге өтініш көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс күні аяқталғанға дейін екі сағат бұрын келіп түссе, онда мерзім келесі жұмыс күнінен басталады.

Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келетін жағдайларда, одан кейінгі жұмыс күні жылдармен, айлармен жəне күндермен есептелетін мерзім аяқталатын күн болып есептеледі.

Күндермен есептелетін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімі жұмыс күндерімен есептеледі.

Сағаттармен немесе минуттармен есептелетін мерзім белгіленген кезеңнің соңғы сағатында немесе минутында аяқталады.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 18-2-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

18-2-бап. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсету мерзімдерін тоқтата тұру

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін тоқтата тұру үшін негіздер мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында белгіленеді.

Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін, оның ішінде көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің шешімі негізінде тоқтата тұру туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға жіберген күннен басталады. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімінің өтуі көрсетілетін қызметті беруші немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін қайта бастау туралы шешім шығарған күннен бастап қайта басталады.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Көрсетілетін қызметті беруші немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін мынадай:

1) егер көрсетілетін қызметті алушылардың тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтарында құқықтық мирасқорлыққа жол берілсе, азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған;

2) азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен əрекетке қабілетсіз жəне (немесе) əрекет қабілеті шектеулі деп танылған;

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) мемлекеттік органдар, сот қарайтын немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тəртіппен қаралатын мəселелер шешілгенге дейін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мүмкін болмаған;

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

4) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште жəне (немесе) құжаттарда қателер немесе дəлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сəйкес келмеген, мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда тоқтата тұруға міндетті.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесі тоқтатыла тұрған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш жəне (немесе) құжаттар «цифрлық үкімет» веб-порталы, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар айқындаған өзге де цифрлық объектілер арқылы берілген жағдайлар кірмейді.

Көрсетілетін қызметті алушы анықталған кемшіліктер тоқтата тұру мерзімі шегінде жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

Бұл ретте осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рəсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесі:

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) осы баптың 2-тармағының 1) жəне 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда - тиісті адамның құқықтық мирасқоры айқындалғанға дейін немесе əрекетке қабілетсіз адамға қорғаншы тағайындалғанға дейін;

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында «көзделген жағдайларда - мемлекеттік орган ұстанымды айқындағанға дейін, сот актісі заңды күшіне енгенге дейін немесе мəселе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тəртіппен шешілгенге дейін;

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

3) осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда, анықталған кемшіліктер көрсетілетін қызметті беруші немесе көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші белгілеген ақылға қонымды мерзімде жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген тоқтата тұру мерзімі мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында белгіленген тиісті мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетудің жалпы мерзімінен аспауға тиіс.

4. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының өтінішхаты бойынша немесе өз бастамасы бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету процесін мынадай:

1) қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш əсер еткен жағдайда тоқтата тұруға құқылы. Мемлекеттік қызмет көрсетудің одан арғы процесіне уақытша кедергі келтіретін еңсерілмейтін күштің əсер етуі деп төтенше жағдайды енгізу, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері немесе оның туындауы түсініледі;

2) көрсетілетін қызметті алушы заңды өкілдерінің көрсетілетін қызметті алу жағдайларын қоспағанда, оның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда, медициналық ұйымда стационарлық емделуде болған жағдайда тоқтата тұруға құқылы.

 

2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-бап өзгертілді; 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 19-бап жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуі

1. Көрсетілетін қызметті берушілердің (көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің) мемлекеттік қызметтер көрсетуіне қойылатын талаптар мен оның тəртібі мемлекеттік қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде айқындалады.

2. Əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуге қойылатын талаптар мен оның тəртібін көрсетілетін қызметті берушілер əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларына сəйкес əзірлейді жəне көрсетілетін қызметті берушілер осы Заңның талаптарына сəйкес бекітеді.

3. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште жəне (немесе) құжаттарда қателер немесе дəлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сəйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің немесе бірлескен қызмет көрсетушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш жəне (немесе) құжаттар «цифрлық үкімет» веб-порталы, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар айқындаған өзге де цифрлық объектілер арқылы берілген жағдайлар кірмейді.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларында белгіленген тиісті мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды жəне одан аспауға тиіс.

Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш жəне (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

4. Осы баптың 3-тармағының ережелері субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рəсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.

 

2016.06.04. № 484-V ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды; 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 19-1-бап өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 19-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

19-1-бап. Көрсетілетін қызметті берушілердің жəне көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілердің мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тартуы

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуден бас тартқан кезде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

Бас тарту туралы шешімді көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші қабылдаған жағдайда, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші бұл жөнінде көрсетілетін қызметті берушіні хабардар етеді, ол соның шешімі негізінде көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)  

1-1 Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алу құқығының туындауына қатысы жоқ талаптар осы қызметті көрсетуден бас тартуға негіз бола алмайды.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)  

1-2. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған кезде көрсетілетін қызметті алушымен тыңдау өткізілмейді.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Көрсетілетін қызметті берушілер жəне көрсетілетін қызметті бірлесіп берушілер мынадай негіздер:

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рəсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар ұсынған құжаттардың жəне (немесе) олардағы деректердің (мəліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы;

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7) осы Заңның 18-2-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы бойынша мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтерді көрсетуден бас тартады.

3. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көрсетілетін мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының қайта жүгінуіне болады.

4. Осы баптың 2-тармағының қолданысы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен лицензия алу жағдайларына қолданылмайды.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Алынатын мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтің ерекшелігіне байланысты Қазақстан Республикасының салалық заңдарында да мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетуден бас тарту үшін негіздер белгіленуі мүмкін.

 

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

20-бап. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші мен құжаттарын көрсетілетін қызметті берушілерге қағаз жеткізгіште жөнелтуді көздейтін мемлекеттік қызметтерді Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде өтініштер мен құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасы көрсетілетін қызметті алушыда болған кезде оның өтінішін қабылдауға міндетті.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште жəне (немесе) құжаттарда қателер немесе дəлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сəйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде көзделген тізбеге сəйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды.