«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы (2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіз бойынша көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) Мемлекеттік корпорацияның сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс.

Көрсетілетін қызметті алушы тоқтата тұру мерзімі шегінде анықталған кемшіліктер жойылғаннан кейін құжаттарды қайта ұсынады.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген тиісті мемлекеттік қызметті көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды жəне одан аспауға тиіс.

Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш жəне (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

2-2. Осы баптың 2-1-тармағының ережелері субсидиялауға байланысты, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыларды іріктеудің конкурстық рəсімдері арқылы немесе белгіленген лимиттер шегіндегі көрсетілетін қызметтерге қолданылмайды.

3. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

5. 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

6. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алуға міндетті.

 

21-бап. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «цифрлық үкіметтің» веб-порталы және «цифрлық үкіметтің» шлюзінде, «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы жүзеге асырылады.

2. Электрондық құжат немесе қағаз жеткізгіштегі құжат не «цифрлық үкіметтің» цифрлық жүйесінен мәлімет беру электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-1. Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері электрондық құжат нысанында «цифрлық үкімет» веб-парталындағы пайдаланушының кабинетіне, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша қысқа мәтіндік хабар түрінде оның абоненттік нөміріне жіберіледі.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-2-тармақпен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 2-2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2-2. Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелері, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібі Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасымен реттеледі.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды; 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 2-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-3. Ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушы оларды қағаз жеткізгіште ұсыну қажеттілігінсіз, заңдық мәні бар фактілерді растау үшін пайдаланады.

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік корпорация арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі негізінде электрондық құжат нысанындағы оның сұрау салуын Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өзіне қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын биометриялық сәйкестендіру жүргізілуі де мүмкін.

4. 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін мемлекеттік органдар тұрақты түрде өздерінің цифрлық жүйелеріндегі цифрлық ресурстарын жаңартылған күйде ұстап тұруға міндетті.

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер цифрлық күту парағын пайдалана отырып, оның ішінде «цифрлық үкімет» порталының функционалы жəне көрсетілетін қызметті алушыны кейіннен хабардар ете отырып, цифрлық жүйелердің техникалық іркілістері кезеңінде өтініш беруге мүмкіндік беретін цифрлық объектілер арқылы көрсетілуі мүмкін.

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсету кезінде шешім автоматтандырылған түрде қабылданған жағдайда оның нəтижесін көрсетілетін қызметті берушінің қатысуынсыз цифрлық жүйе қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті алушы нəтижемен келіспеген кезде оны көрсетілетін қызметті берушінің қатысуымен қайта қаратуға құқылы.

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 21-1-баппен толықтырылды; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 21-1-бап жаңа редакцияда

21-1-бап. Проактивті қызметтер көрсету

Проактивті қызметтер көрсету «цифрлық үкімет» веб-порталында көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөмірі тіркелген кезде мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз, көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады жəне мыналарды:

1) көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуы бар хабарламалар жіберуді;

2) көрсетілетін қызметті алушының проактивті қызмет көрсетуге келісімін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті мəліметтерді, оның ішінде қолжетімділігі шектелген мəліметтерді көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысы арқылы алуды қамтиды.

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыға проактивті қызмет көрсетуге сұрау салуы бар хабарламаны жіберу талап етілмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыларды қызмет көрсету туралы міндетті түрде хабардар ету «цифрлық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік нөміріне немесе «цифрлық үкімет» веб-порталындағы пайдаланушының кабинетіне мəтіндік хабарлама жіберу арқылы жүзеге асырылады.

 

2025.10.02. № 164-VIII ҚР Заңымен 21-2-баппен толықтырылды (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

21-2-бап. Жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы

Жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы туралы хабархат (хабарлама), осындай шараны есепке алу жəне (немесе) алу мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен цифрлық объект болып табылатын «əлеуметтік əмиян» арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен өзге де ақпараттандыру объектілері арқылы алынуы мүмкін.

 

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 21-3-баппен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

21-3-бап. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрлері

1. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер цифрландыру дəрежесі бойынша мынадай болып табылады:

1) толық цифрландырылған - көрсетілу процесінде қағаз құжат айналымын жəне мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызмет берушінің жəне (немесе) қызметті бірлесіп берушінің қатысуын болғызбайтын мемлекеттік көрсетілетін қызмет;

2) ішінара цифрландырылған - көрсетілу процесінде мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызмет беруші жəне (немесе) қызметті бірлесіп беруші қатысатын қағаз жəне электрондық құжат айналымының реттілігі қамтылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:

1) композиттік;

2) проактивті;

3) эксаумақтық болып табылады.

Бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтердің жиынтығын көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет композиттік қызмет болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің бастамасы бойынша көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз көрсетілетін мемлекеттік қызмет проактивті көрсетілетін қызмет болып табылады.

Көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жеріне қарамастан, көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігін көздейтін мемлекеттік көрсетілетін қызмет эксаумақтық көрсетілетін қызмет болып табылады.

 

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 22-бап жаңа редакцияда; 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

22-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингі

Мемлекеттік қызметтер көрсету реинжинирингін орталық мемлекеттік органдар, мемлекеттік корпорация, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы пилоттық жобаларды іске асыруды мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уəкілетті органмен жəне мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша бір жылға дейін мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні əзірлеуші жүзеге асырады.

Əлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер саласындағы пилоттық жобаларды іске асыруды мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша бір жылға дейін əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тəртібін айқындайтын заңға тəуелді нормативтік құқықтық актіні əзірлеуші жүзеге асырады.

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 23-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

23-бап. Көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат:

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді

1) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларын жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын көрсетілетін қызметті берушілердің орналасқан жерлерінде және Мемлекеттік корпорацияда орналастыру;

2) жеке және заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметті берушілерге өтініш жасауы;

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша өзгертілді

3) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидаларын жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидаларын «цифрлық үкіметтің» веб-порталында, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

4) Бірыңғай байланыс орталығына өтініш жасау арқылы ұсынылады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсетудің үлгілік қағидалары жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету қағидалары бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына жібереді.

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, көрсетілетін қызметті берушілер және Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушылар өтініш жасаған кезде оларға қажетті түсініктемелермен бірге мемлекеттік қызметтер жəне (немесе) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты дереу беруге міндетті.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету сатысы туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға оның Бірыңғай байланыс орталығына және (немесе) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезінде ұсынылады.

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері жыл сайын «цифрлық үкіметтің» веб-порталында, интернет-ресурстарда және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті орналастырады.

2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді

6. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік жəне (немесе) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылаулар өткізеді. Жария талқылаулардың қорытындылары мемлекеттік жəне (немесе) əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету қағидаларын жетілдіру үшін пайдаланылады.

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Әріптестік ұйым мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдауды және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы ақпарат, сондай-ақ әріптестік ұйымдардың атауы мен байланыс деректері Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында және мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру орындарында орналастырылады.

 

24-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсеткені үшін төлемақы

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақылы немесе тегін негізде көрсетіледі.

2. Қазақстан Республикасының заңдарында тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушыға төлемақы белгілеуге жол берілмейді.

2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік корпорация мемлекеттік көрсетілетін қызметке қосымша сервис үшін ақы белгілей алады.

Мемлекеттік корпорация көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша мемлекеттік қызметті, оның ішінде цифрлық форматта жəне (немесе) жеделдетілген түрде көрсеткен кезде одан жеделдетіп қызмет көрсеткені үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі орталық мемлекеттік органдар қатарынан айқындайтын уəкілетті органның шешімімен бекітілген бағалар прейскурантына сəйкес төлем алуға құқылы.

 

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 25-баптың тақырыбы өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

25-бап. Мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері

2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік немесе əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдары осы Заңда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаралуға жатады.

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті бірлесіп берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган шағымды қарау қорытындылары бойынша:

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) көрсетілетін қызметті алушының шағымы бойынша орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші, Мемлекеттік корпорация қабылдаған шешімге оның қанағаттанбауы себептерін кешенді зерделеуді қамтамасыз етуге;

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші, Мемлекеттік корпорация тарапынан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактісі анықталған жағдайда олардың атына көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдану үшін ұсыныстар жіберуге;

2026.19.05. № 291-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) көрсетілетін қызметті алушының шағымын орталық мемлекеттік орган, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі, көрсетілетін қызметті беруші, көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші, Мемлекеттік корпорация тарапынан қанағаттандырудың уақтылылығы мен толықтығын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің шағымды қарау мерзімі:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

 

 

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және оған қоғамдық мониторинг жүргізу

 

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 26-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

26-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу қағидаттары

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) заңдылық;

2) объективтілік;

3) бейтараптық;

4) анықтық;

5) жан-жақтылық;

6) ашықтық.

 

2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 27-бап жаңа редакцияда