6. Осы баптың ережелері қарсы барлау қызметін жəне кəсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға, қамтамасыз етуге жəне жүзеге асыруға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 27-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
27-1-бап. Тексерудің түрлері жəне оларды жүргізу тəртібі
1. Тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспарлы тексеру;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің оларды жүргізуге негіз болған мəселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан жүргізілетін жоспардан тыс тексеру.
2. Тексеру жүргізу үшін мемлекеттік органдардың жəне ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары, консультанттары мен сарапшылары тартылуы мүмкін. Тексеруді есепке алуды жүргізу мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ба ғалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган тек серу жүргізу жылының алдындағы жылдың 10 жел тоқ санына дейінгі жəне ағы мдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде бекітетін, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкі летті орган басшысының шешімімен өзгерістер енгізілуі мүмкін жартыжылдық тексеру жос пары жоспарлы тексеру тағайындауға негіз болып табылады.
Тексеруші лауазымды адамдардың құрамы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің шешімімен өзгертілуі мүмкін.
Тексеруші лауазымды адамдардың құрамы өзгерген кезде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі бұл туралы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісін осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері, егер:
1) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық тізімін бекіту алдындағы соңғы алты айда олар бір мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсеткен болса;
2) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын бекіту алдындағы соңғы алты айда алдыңғы тексерулердің нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну шығарылған болса;
3) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын бекіту алдындағы соңғы алты айда оларға қатысты жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардан жолданым келіп түссе;
4) соңғы жыл ішінде олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабында көзделген əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін əкімшілік жауаптылыққа тартылса;
5) жоспарлы тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарын бекіту алдындағы соңғы алты айда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бұзушылықтардың алдын алу жəне көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша талдау жəне мониторинг негізінде жолданған ұсыныс орындалмаса;
6) соңғы жыл ішінде оларға қатысты үш жəне одан көп жоспардан тыс тексерулер жүргізілсе;
7) соңғы үш жылда оларға қатысты жоспарлы тексеру жүргізілмесе, жоспарлы тексеруге жатады.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен артық жүргізілмейді.
6. Жоспардан тыс тексеру тағайындауға:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) жеке жəне заңды тұлғалардың жолданымдары;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық фактілері жөніндегі мемлекеттік органдардың жолданымдары;
3) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынулардың орындалуын бақылау;
4) байқау нəтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын бұзушылықтар;
5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар жəне сұрау салу арқылы зерделенген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат негіз болып табылады.
7. Анонимдік жолданымдар негізінде жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.
8. Тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған талаптарға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сəйкес жүргізіледі.
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізу үшін объектіге келген лауазымды адамдары мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау субъектісіне:
1) қызметтік куəлігін не сəйкестендіру картасын;
2) қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын көрсетуге міндетті.
10. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына қатысты тексерулер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасымен не оны алмастыратын адаммен келісу бойынша жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының объектілерінде болған уақытта оларға осы органда белгіленген рұқсаттамалық жəне объектішілік режимдердің талаптары қолданылады.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 27-2-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
27-2-бап. Тексеру жүргізу мерзімдері жəне ол аяқталғаннан кейін қабылданатын шаралар
1. Жоспарлы тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді жəне тексеру басталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен аспауға тиіс.
Жоспардан тыс тексерулер жүргізу кезінде тексеру жүргізу мерзімдері тексеру басталған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
2. Жоспарлы тексерудің басталатыны туралы хабарлама күні көрсетіле отырып, ол басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын, жоспардан тыс тексеру басталғанға дейін кемінде бір тəулік бұрын жіберіледі.
3. Тексерудің басталатыны туралы хабарламада мыналар көрсетіледі:
1) тексеру жүргізуге уəкілеттік берілген адамның (адам дардың) тегі, аты, əкесінің аты (егер ол жеке басты куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне лауазымы;
2) тексеру жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар туралы мəліметтер;
3) өзіне қатысты тексеру жүргізу тағайындалған мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің атауы, оның тұрған жері;
4) тағайындалған тексерудің нысанасы;
9) хабарламаға қол қоюға уəкілеттік берілген адамның қолтаңбасы.
4. Тексеру жүргізу мерзімдері:
1) жүргізілетін тексеру шеңберінде елеулі маңызы бар қажетті мəліметтерді ұсыну туралы мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға жəне өзге де субъектілерге сұрау салу жіберілген жағдайларда олар алынғанға дейін;
2) төтенше жағдай енгізілген кезде оның қолданылу кезеңіне көзделген негізгі жəне уақытша шектеу шаралары ескеріле отырып тоқтатыла тұрады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі тексеру жүргізу мерзімдері тоқтатыла тұрған жəне қайта басталған кезде бұл туралы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісін осындай шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
Тексеруді жүргізу мерзімін есептеу ол қайта басталған күннен бастап жалғасады.
5. Тексеру барысында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізетін лауазымды адамы тексеру аяқталған күнге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей тексеру нəтижелері туралы анықтаманың жобасын жасайды жəне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілеріне, сондай-ақ осы Заңның 27-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға жібереді.
6. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісі, сондай-ақ осы Заңның 27-1-бабы 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар тексеру жүргізетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары жүргізетін тыңдауға қатысуға жəне тексеру нəтижелері туралы анықтаманың жобасына оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық ұсынуға немесе айтуға құқылы.
Тексеру нəтижелері туралы анықтаманың жобасына келіп түскен қарсылықтарды қарау нəтижелері бойынша тексеру жүргізетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тексеру нəтижелері туралы анықтама жасайды не белгіленген мерзім шегінде елеулі маңызы бар мəліметтерді қосымша зерделеу жөнінде шаралар қабылдайды, оның ішінде осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сəйкес тексеру жүргізуді тоқтата тұрады.
7. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісіне жəне өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға тексеру нəтижелері туралы анықтама жіберілген күн тексеру аяқталған күн деп есептеледі.
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар тексеру нəтижелері туралы анықтамамен расталатын жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің атына тексеру нəтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген адамдардың жауаптылығын қарау туралы қаралуы міндетті ұсыну енгізіледі.
9. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің онда көрсетілген бұзушылықтарды күнтізбелік отыз күн ішінде жою бойынша шаралар қабылдай отырып қарауына жатады.
Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша олардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз қалпына келтіру бойынша шараларда қабылданады.
10. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуды қарау қорытындылары туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ол қаралған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жіберіледі.
11. Тексерудің басталуы жəне тексеру мерзімдерін тоқтата тұру (қайта бастау) туралы, тексеруші лауазымды адамдар құрамының өзгеруі туралы хабарламалардың, тексеру нəтижелері туралы анықтаманың жəне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың нысандарын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган бекітеді.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 27-3-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
27-3-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің тексеру жүргізілген кездегі құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері тексеру жүргізілген кезде:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізу үшін келген лауазымды адамдарын:
тексеру мерзімдері асып кеткен не өтіп кеткен;
тексеру жүргізу мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізуге тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарына тапсырылған;
осы Заңда белгіленген тексеру жүргізу талаптары өрескел бұзылған жағдайларда тексеруге жібермеуге;
2) егер мəліметтер жүргізілетін тексерудің нысанасына жатпаса, оларды ұсынбауға;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган жəне оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамдарының тексеру нəтижелеріне (анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуға) осы Заңда жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға;
4) тексеру жүргізу процесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері лауазымды адамының тексеру шеңберінде жүргізіп жатқан жекелеген əрекеттерін тексеруші лауазымды адамның қызметіне кедергі жасамай, аудио- жəне бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеп-белгілеуге құқылы.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері тексеру жүргізілген кезде:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеруші лауазымды адамдарының аумаққа жəне үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің тексеруші лауазымды адамдарына тексеру нəтижелері туралы анықтамаға қоса тіркеу үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мəліметтерді) не олардың көшірмелерін, сондай-ақ тексерудің міндеттері мен нысанасына сəйкес ақпараттық жүйелерге қолжетімділікті ұсынуға;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері тексеруші лауазымды адамдарының шақыруы бойынша келуге;
4) тексеру жүргізілген кезде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 27-4-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
27-4-бап. Тексерудің жарамсыздығы
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның жəне оның аумақтық бөлімшелерінің тексеру жүргізетін лауазымды адамдарының шешімдеріне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқылы.
2. Жолданымды беру мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектісінің анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауын жоққа шығармайды.
3. Егер тексеру осы Заңда белгіленген тексеру жүргізуге қойылатын талаптар өрескел бұзыла отырып жүргізілсе, ол жарамсыз деп танылады.
4. Тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзушылықтарға:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексерудің басталатыны туралы хабарламаның болмауы;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау жəне бақылау жөніндегі уəкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің құзыретіне кірмейтін мəселелер бойынша тексерулер тағайындау жатады.
5. Тексерудің жарамсыз деп танылуы жоғары тұрған мемлекеттік органның анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынуының күшін жоюға негіз болып табылады. Жоғары тұрған мемлекеттік орган анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың күшін жоюдан бас тартқан жағдайда анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынудың күшін сот жояды.
2023.06.02. № 194-VІІ ҚР Заңымен 28-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу тәртібі
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
29-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі
2022.04.07. № 134-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингін жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар өз бастамасы бойынша және өз есебінен жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша да жүргізіледі.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды, коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, мемлекеттік қызметтер көрсету саласына жататын қажетті ақпаратты орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінен, Мемлекеттік корпорациядан осы ақпарат олардың интернет-ресурстарында болмаған жағдайда, сұратуға құқылы.
2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі нәтижелері бойынша жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар қорытынды жасайды. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің қорытындысы:
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, Мемлекеттік корпорацияның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауы туралы ақпаратты;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі барысында анықталған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының сақталмау фактілерін жою жөніндегі ұсынымдарды;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөніндегі ұсыныстарды;
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.
Қоғамдық маңызы бар қызметтер көрсету сапасын бағалау өлшемшарттары әлеуметтанушылық зерттеулер немесе оларды көрсету сапасын мониторингтеу шеңберінде белгіленеді.
2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, Мемлекеттік корпорация, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдайды.
2026.09.01. № 254-VIII ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2026 ж. 12 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
30-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жəне əлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2013 жылғы сәуірдің 15-і.
№ 88-V