Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың жағдайын жыл сайын бағалауды және 2013-2015 жылдарға арналған болжамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 21 қаңтардағы № 37, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 26 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының 2013 жылғы 20 ақпандағы № 71 бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 203-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың жағдайын жыл сайын бағалау және 2013-2015 жылдарға арналған болжамы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті (Қ.Б.Әкежанов), Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті (А.Д.Әбенов) және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем балансы және валюталық реттеу (Н.Н. Дюгай), Зерттеу және стратегия (Г.Ж. Шайқақова) және Монетарлық операциялар (А.М. Баймағамбетов) департаменттеріне:
жыл сайынғы негізде бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының шеңберінде мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың жағдайын жыл сайын бағалауды және алдағы жоспарлы кезеңге болжауды жүзеге асырсын;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің веб-сайттарында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.