Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы кейбір сұрақтар туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 555 бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 993 бұйрығымен күші жойылды
«Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 «Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы нормативтік актілерді бекіту туралы» бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіп қауіпсіздігінің жалпы ережесінің (1 бөлім) 18-1 тарауы алынып тасталсын.