«1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 120-ө-м бұйрығы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрiнiң 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 685-ө-м бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 20 шілдедегі Заңының 13-бабы 2-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін анықтау қағидаларын ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 310-ө бұйрығына келесі өзгерістерді енгізу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3355 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тілдегі тақырып пен мәтінге өзгерістер енгізілген;
орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;
Көрсетілген қаулымен бекітілген 1998 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі табыстың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған табысқа сәйкестігін белгілеу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті (Мақанова Ә.Қ.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.