«Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 175 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Предыдущая страница

112. Өтініш берушіге виза беруден бас тарту себептері түсіндірілмейді. ҚР-дың шет елдердегі мекемелері бас тарту себебін көрсете отырып, виза беруден бас тарту дерегі туралы ҚР СІМ-ді хабардар етеді.

113. Бұрын Қазақстан Республикасынан шығарылған адамдарға елден шығару туралы соттың шешім қабылдаған күнінен бастап 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынады.

114. Виза алушыларға мына жағдайларда:

1) егер оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін негіздемелер бар болса - істің аяқталу мерзіміне дейін;

2) егер ол жасаған қылмысы үшін сотталса - жазасын өтегенге дейін немесе жазадан босатылғанға дейін;

3) егер ол соттың оған жүктеген міндеттемелерін орындаудан жалтарса - міндеттемелер орындалғанға дейін Қазақстан Республикасынан кету визасын беруден бас тартылады.

115. Виза алушының Қазақстан Республикасынан кетуі ҚР азаматтарының, басқа жеке және заңды тұлғалардың айтарлықтай мүдделеріне қатысты мүліктік міндеттемелерін орындағанша кейінге қалдырылады.

 

 

13. Визаларды ұзарту тәртібі

 

116. Визаның қолдану мерзімі осы Қағидалардың 118-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзарту қажеттілігін растайтын құжаттарды беру негізінде немесе форс-мажорлық жағдайларда 5 жұмыс күні ішінде ұзартылады.

117. Визаның қолдану мерзімін ұзарту «қосымша мәліметтер/additional information» бағанына қолдану мерзімі аяқталған визаның нөмірін көрсете отырып (мысалы: № 1140610729 визаны ұзарту) сол санаттағы визаны беру жолымен жүргізіледі.

118. ҚР СІМ визалардың мынадай санаттарын ұзартады:

1) «А1», «А2», «В1», «В2» - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктерінің шақыруы бойынша ҚР аумағына келген адамдар үшін - аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде. Визаны қолдануды 1 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

2) «С1» және «С2» - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің хаты негізінде. Визаны қолдануды 1 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

3) «D1», «D2», «D3» - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасында тіркелген халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы аумағына келген адамдар үшін - аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде ұзартады. Визаны қолдануды 180 тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады.

119. ҚР ІІМ визалардың мынадай санаттарын ұзартады:

1) «Е1», «Е2» және «Е3» - діни қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші негізінде. Визаны қолдануды 180 тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

2) «D8» - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жазбаша өтініші негізінде. Визаны қолдануды 1 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

3) «K1», «K2», «K3» - шақырушы тараптың жазбаша өтініштері негізінде Заңмен белгіленген мерзімге жүзеге асырылады;

4) «L1» - Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе білім саласындағы уәкілетті органның жазбаша өтініші негізінде. Визаны қолдануды 1 жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;

5) «M1» - бұрын алғашқы визаны алу үшін визалық қолдауды және жұмысқа орналастыру немесе шетелдік жұмыс күшін тартуды ресімдеген шақырушы тараптың жазбаша өтініші негізінде, егер осындай рұқсат беру «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу қағидалары» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына сәйкес талап етілетін болса, M1 визасының қолдану мерзімін ұзарту берілген рұқсаттың қолдану мерзімінде жүзеге асырылады;

6) «M2» - осы Қағидалардың 60-тармағы 1) және 2) тармақшаларында аталған адамдардың «M1» санатында берілген визасының көшірмесі немесе ұзартылған визалардың көшірмесі бойынша шақырушы тараптың жазбаша өтініші негізінде «M2» санаты визасының қолданылуын ұзарту «M1» санаты визасының қолданылу мерзімінде жүзеге асырылады.

7) «P8» - алдын ала тергеу жүргізіп жатқан органның немесе қылмыстық іс қаралып жатқан соттың жазбаша өтініші негізінде, алдын ала тергеу не сот тыңдауын аяқтауға қажетті мерзімге беріледі, бірақ 180 тәуліктен аспауы тиіс.

120. ҚР СІМ және ҚР ІІМ визалардың мынадай санаттарын ұзартады:

1) «G2» - денсулық сақтау саласындағы уәкілетті органның немесе оның Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы аумақтық бөлімшелерінің жазбаша өтініші негізінде. Визаның қолдану мерзімін ұзарту емдеу үшін қажетті мерзімге жүзеге асырылады, алайда 1 жылдан аспауы тиіс.

2) «L2» - заңды тұлғалардың шетелдік мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің жазбаша өтініші негізінде. Визаның қолдану мерзімін 1 жылға дейінгі мерзімге немесе оқу тәжірибесінен немесе тағылымдамадан өту мерзіміне дейін ұзарту жүзеге асырылады, бірақ 1 жылдан аспауы тиіс.

121. Осы Қағидаларда көрсетілген жағдайлардан басқа кезде визалардың қолдану мерзімі ұзартылмайды.

122. «Е1», «Е2», «E3» санатындағы визалардың қолдану мерзімі тек бір рет қана ұзартылады.

123. «Е1», «Е2», «E3», «G2», «K1», «K2», «K3», «L1», «L2», «M1», «M2» санатындағы визалардың қолдану мерзімін ұзарту ҚР ҰҚК-мен келісіледі.

ҚР ҰҚК бөлімшелері визаларды ресімдеуді келісуді 3 тәуліктің ішінде қамтамасыз етуі тиіс.

124. Визаларды ұзарту туралы қолдаухатты тек бұрын алғашқы визаны алуға арналған шақыруды ресімдеген шақырушы тарап бере алады. «L1» және «L2» санаттарындағы визаларды қоспағанда, басқа адамдардың өтініштері қаралмайды.

 

 

14. Қорытынды ережелер

 

125. Қазақстан Республикасына визасыз көшіп келу түріне жатпайтын виза алу мақсатында келген, алайда ресімделген шақыруы бар виза алушыларға ҚР СІМ басшылығының шешімімен 10 тәулікке дейін виза беріледі.

Қазақстан Республикасына визасыз және шақырусыз, көшіп келу түріне жатпайтын виза алу мақсатында келген виза алушыларға форс-мажорлық жағдайларда ҚР СІМ басшылығының шешімімен 3 тәулікке дейін виза беріледі.

126. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес визаны ресімдеу үшін, соның ішінде оның қолдану мерзімін ұзартуға және қалпына келтіруге консулдық алым немесе мемелекеттік баж алынады.

127. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда визалық қолдау мен виза ресімдеу үшін консулдық алым алынбайды.

128. ҚР СІМ және ҚР шет елдердегі мекемелерінің немесе ішкі істер органдарының қызметкерлерімен жіберілген қателік визада табылған кезде, сол санаттағы және сол мәртедегі виза консулдық алым немесе мемлекеттік бажсыз қайта беріледі.

129. Егер шетелдіктің Қазақстан Республикасында болуы кезінде жол жүру құжаты одан әрі қолдануға жарамсыз болған жағдайда, және оның иесі жаңа жол жүру құжатын ұсынса, бұрынғы визаның барлық деректемелерін көрсетілген жаңа визаға көшіру жүзеге асырылады.

ҚР СІМ ҚР СІМ-мен немесе ҚР-дың шет елдердегі мекемелері берген барлық санаттағы визаларды көшіреді.

ҚР ІІМ «А1», «А2», «А3», «В1», «В2», «В3» санаттарындағы визаларды қоспағанда, визаларды виза алушының уақытша тіркелген орыны бойынша көшіреді.

130. Жол жүру құжатына әлі жапсырылмаған визалық жапсырманы толтыру кезінде кеткен қателіктер табылған жағдайда ол жойылады.

131. Визалық жапсырманы толтыру кезінде кеткен қателіктер жол жүру құжатына жапсырылғаннан кейін табылған жағдайда, ол жойылады және келесі бетке жаңа виза жапсырылады.

132. Виза:

егер визаны беру кезінде визаны беру шарттары орындалмағаны анықталған жағдайда; егер виза алдау жолымен алынған деп есептеуге айтарлықтай негіздер бар болса;

егер беру шарттарының орындалуы немесе қолданылуы тоқтатылғаны анықталса жойылады.

133. ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР-дың шет елдердегі мекемелері осы Қағидалармен белгіленген өкілеттіктері шеңберінде визаны жоюды жүзеге асырады.

134. Әртүрлі себептер бойынша (мерзімдердің, санаттардың т.б. өзгеруі) жол жүру құжатындағы визалардың бүлінуі/жойылуы жағдайларында, құжаттан фотосурет және паспорттық деректері бар беттерінің, сондай-ақ бүлінген/жойылған визасы бар беттің көшірмесі алынады.

Әрбір бүлінген және жойылған визалық жапсырмаларға осы Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес акт жасалынады.

135. Одан әрі оны пайдалануға мүмкіндік бермеуге алып келген визаның еріксіз бүлінуі немесе ол жоғалған жағдайда оның беру деректерінің негіздері тексеріліп, расталғаннан кейін визаны қайта қалпына келтіруге болады.

Визаны қалпына келтіру шетелдіктің жазбаша өтініші бойынша немесе шақырушы тараптың жазбаша қолдаухаты бойынша жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

визаларын беру, сондай-ақ олардың

қолданылу мерзімдерін ұзарту

және қысқарту қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

 

 

Растамахат

 

Шығыс №______

Мерзімі: «__»________20__жыл.

 

Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі

 

__________________________________________________________________________шақыруды қабылдауды растайды:

(шақырушы тараптың толық атауы)

1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда):

2. Жынысы:

3. Туған жері және күні:

4. Азаматтығы (тиістілігі):

5. Ұлты:

6. Паспорт сериясы, №:

паспорттың берілген уақыты:

паспорттың жарамдылық мерзімі:

7. Жұмыс орны және лауазымы:

8. Тұрақты мекенжайы:

9. Виза алу орны:

10. Болу мерзімі:

11. Визаның мәртелігі:

12. Сапардың мақсаты:

13. Келу-кету көлік құралының түрі:

(тіркеу нөмірі және авто түрі, рейс нөмірі)

14. ҚР-дағы сапар бағыты және болу пункттері

15. ҚР-дағы тұрақты мекенжайы:

(қонақүй(лер)дің аты, мекенжайы, Қазақстан Республикасында

уақытша болатын мекенжайлары):

Жетекші          (қолтаңба және мөр)     Т.А.Ә.

Орынд. (шетелдікті қабылдауға жауапты адам): ______________________ тел.____________________,

ұялы телефон______________________________, электрондық мекенжай_______.

 

Ескерту:

1) Растамахат СТН, БСН, пошталық мекенжайы, телефоны, факс, электрондық мекенжайы, банктік деректемелері көрсетілген шақырушы ұйымның титулдық парағында ресімделеді (фирмалық бланкінде ресімделеді).

2) 1-жолда адамның тегі мен атының орысша транскрипциясын енгізу міндетті;

3) 6-жолда визаның қолдану мерзімі кемінде жүру құжатының қолданылу мерзімінен 3 ай бұрын бітуі тиіс.

4) 11-жолдағы визаның (бір, екі, үш, көп) мәртелігі көрсетілген болу мерзімі кезеңінде ҚР-ға келу санын білдіреді

5) 12-жолдағы «сапардың мақсаты» ҚР-да болу мерзімі мен сұралатын визаның мәртелігіне негізделіп толтырылады.

 

Қазақстан Республикасының

визаларын беру, сондай-ақ олардың

қолданылу мерзімдерін ұзарту

және қысқарту қағидаларына

2-қосымша

 

Нысан

 

 

Қазақстан Республикасының визаларын беру журналы

 

 

Қазақстан Республикасының транзиттік визаларын (Н1) беру
журналы

 

 

Қазақстан Республикасының

визаларын беру, сондай-ақ олардың

қолданылу мерзімдерін ұзарту

және қысқарту қағидаларына

3-қосымша

 

КҚД № 01 нысаны

 

 

ҚР ___________________ берілген визалар, консулдық алымдардан
төлем шотына түскен қаражаттар жөніндегі
20__ж. __________ айындағы статистикалық есебі

 

 

Қазақстан Республикасының

визаларын беру, сондай-ақ олардың

қолданылу мерзімдерін ұзарту

және қысқарту қағидаларына

4-қосымша

 

 

Берілген визалар, визалардың қолдану мерзімін ұзарту,
мемлекеттік баждардың төлем шотына келіп түскен қаражаттар,
визалық жапсырмалардың шығыны жөніндегі
20__ж. _________ айындағы статистикалық есебі

 

 

Берілген күні: «___»__________ 20__ж. Жауапты орындаушы _________

 

______________________________________________________________________

* Мәліметтер есептік кезеңінің соңына қарай өсу нәтижесі бойынша беріледі

 

Қазақстан Республикасының

визаларын беру, сондай-ақ олардың

қолданылу мерзімдерін ұзарту

және қысқарту қағидаларына

5-қосымша

 

Берілген визалар, визалардың қолдану мерзімін ұзарту,
мемлекеттік баждардың төлем шотына келіп түскен қаражаттар,
визалық жапсырмалардың шығыны жөніндегі
ҚР ІІМ 20__ж. __________ тоқсандағы статистикалық есебі

 

 

Есеп беру кезеңінде ________ визалық жапсырмалар жойылды.

Жауапты орындаушы____________________________________

Берілген күні: «___»___20__ж.

 

Қазақстан Республикасының

визаларын беру, сондай-ақ олардың

қолданылу мерзімдерін ұзарту

және қысқарту қағидаларына

6-қосымша

 

 

Визаның қолдану мерзімі, мәртелігі және болу кезеңі