«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 432 Қаулысы (күші жойылды)

«Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 432 Қаулысы

 

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 609 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 861-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидалары:

мынадай мазмұндағы 13-1, 14-1-тармақтармен толықтырылсын:

«13-1. Дәрігердің қабылдауына жазылу жеке тұлғаның немесе оның өкілінің БМСК көрсететін медициналық ұйымға тікелей өтініш жасауы, телефон байланысы арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.»;

«14-1. Дәрігерді үйге шақыру жеке тұлғаның немесе оның өкілінің БМСК көрсететін медициналық ұйымға тікелей өтініш жасауы, телефон байланысы арқылы не электрондық цифрлық қолтаңбасыз «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларында:

мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

«3-1. БМСК көрсететін медициналық ұйымдарға нақты бекітілген халықтың саны туралы, аумақтық қызмет көрсету учаскелері, учаскелік қызметтің (жалпы практика қызметі) дәрігерлері мен орта медицина персоналы туралы ақпарат тіркелген халық тізілімінің дерекқорында қалыптастырылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.