«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 433 Қаулысы (күші жойылды)

«Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 433 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 253 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1294 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1080-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.»;

11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік қызметті порталда алу үшін тұтынушының:

1) жеке басын куәландыратын құжаты (он алты жасқа толмаған адамдар үшін - туу туралы куәлігі);

2) тіркелген халықтың тіркеліміне сәйкес осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуы қажет.

Мемлекеттік aқпараттық жүйеде қамтылатын жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, осы уәкілетті ұйымға тіркеуінің болуын уәкілетті ұйым уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Дәрігердің қабылдауына жазылу» мемлекеттік қызмет стандартында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.