Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 489 Қаулысы
(2015.25.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 868 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу бойынша қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. ҚР Үкіметінің 2015.25.12. № 1059 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.