Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 1390 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 8 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мынадай салықтық өтініштердің нысандары бекітілсін:
1) құжаттық тексеру жүргізу туралы;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін кері қайтарып алу туралы;
4) салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы;
5) салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы;
7) салық резиденттігін растауды алуға;
8) Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтаманы алуға;
9) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға;
10) патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы;
11) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануға;
12) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы;
13) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдануға;
14) шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы;
15) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануға;
16) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы;
17) тіркеу есебіне қою туралы;
18) тіркеу есебінен шығару туралы;
19) дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі туралы;