Комитет және уәкілетті орган құжаттар пакеті толық ұсынылмаған, оларда кемшіліктер болған, құрылтай құжаттары бойынша сарапшының (маманның) қорытындысын алу қажеттігі туындаған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер бойынша мемлекеттік (есептік) тіркеу және қайта тіркеу мерзімін тоқтатады.
17. Комитет, уәкілетті органдар мен орталықтар басшылыққа алатын жұмыстың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) заңдылық;
2) сыпайылық;
3) азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;
4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
5) мемлекеттік қызметтің сапалылығы мен уақытында ұсынылуы;
6) мемлекеттік қызмет алушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік қызмет алушының уақытында алмаған құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің, уәкілетті органдардың жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің тиісті бұйрығымен бекітіледі.
20. Іс-әрекеттерге (әрекетсіздіктерге) шағым беру және шағымды дайындауға жәрдем көрсету тәртібі туралы түсінік алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген уәкілетті органға жүгінеді.
Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа немесе портал арқылы жүгінген кезде орталық инспекторының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым беру тәртібі туралы ақпарат call-орталығының телефон нөмірі (1414) бойынша не осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ұсынылады.
21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым уәкілетті органдар басшысының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін беріледі. Уәкілетті орган басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
22. Орталық қызметкерлері тиісті деңгейде қызмет көрсетпеген жағдайда шағым орталықтың немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Орталық» РМК басшысының атына беріледі. Орталық басшыларының мекенжайлары мен телефондары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Қолданыстағы заңнамада көрсетілген жағдайда шағымдар жазбаша нысанда пошта немесе электрондық түрде не осы стандартқа 1 қосымшада көрсетілген ұйымдардың кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағымға уәкілетті орган ұсынған мемлекеттік қызметтің сапасыздығын растайтын құжаттар қоса беріледі.
25. Шағымды уәкілетті органға қолма-қол және пошта арқылы қабылдаудың растамасы оны уәкілетті органның кеңсесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері журналында тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады).
Қолма-қол жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам, оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың шағымын қарастыру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алушы орталыққа жүгінген кезде шағымды қолма-қол және пошта арқылы қабылдаудың растамасы оны орталықтың немесе «Орталық» РМК кеңсесінде тіркеу болып табылады (шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні қойылады).
Шағымды қабылдаған адам мемлекеттік қызметті алушы оның шағымының қабылданғанын растайтын нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректері көрсетілген талон береді.
Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.
26. Комитеттің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет ресурс: www.minjust.kz.
«Орталық» РМК-ның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, «Орталық» РМК-ы: 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43А үй, телефоны: 87172-94-99-95, интернет-ресурс: www.con.gov.kz.
«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
(қайта тіркеу), олардың филиалдары мен
өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының
уәкілетті органдарының тізімі мен мекенжайы