«Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңы (2026.25.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Предыдущая страница

 

8-бап. Субъектiнiң дербес деректердi жинауға, өңдеуге келiсiм беру (керi қайтарып алу) тәртiбi

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректерді жинауға, өңдеуге жазбаша, мемлекеттік сервис, мемлекеттік емес сервис арқылы не келісімді алғанын растауға мүмкіндік беретін өзге де тәсілмен келісім береді (оны кері қайтарып алады).

Мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі дербес деректерді жинау және (немесе) өңдеу кезінде келісім мемлекеттік сервис арқылы беріледі..

2. Субъект немесе оның заңды өкілі дербес деректердi жинауға, өңдеуге берген келісімді, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келсе не орындалмаған міндеттемесі болған кезде кері қайтарып ала алмайды.

3. 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

4. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім мыналарды қамтиды:

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) меншік иесінің және (немесе) оператордың атауы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бизнес сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);

2) субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

3) дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім қолданыста болатын мерзім немесе кезең;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) меншік иесінің және (немесе) оператордың дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі немесе оның болмауы туралы мәліметтер;

5) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық берудің болуы не болмауы туралы мәліметтер;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) дербес деректерді меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның жалпыға бірдей қолжетімді көздерде тарату мүмкіндігі немесе оның болмауы туралы мәліметтер;

7) субъектіге байланысты жиналатын деректердің тізбесі;

8) меншік иесі және (немесе) оператор айқындайтын өзге де мәліметтер.

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

5. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, дербес деректерді өңдеуге келісімнің қолданылу мерзімі дербес деректерді жинау мен өңдеу мақсаттарына қол жеткізуге қажетті мерзімнен аспайды.

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

6. Егер дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімнің қолданылу мерзімі көрсетілмесе, ол берілген кезінде айқындалған өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгенге дейін қолданыста болады деп есептеледі.

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

7. Субъектінің немесе оның заңды өкілінің меншік иесін және (немесе) операторды, сондай-ақ үшінші тұлғаны хабардар ете отырып, дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісімді кері қайтарып алуға құқығы бар.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді сақтау немесе өңдеу талап етілмесе, меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға он бес жұмыс күні ішінде оларды өңдеуді тоқтатуға не уәжді бас тартуды ұсынуға міндетті.

 

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8-1-бап. Мемлекеттік сервис

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Меншік иелері және (немесе) операторлар, үшінші тұлғалар мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың дербес деректер бар цифрлық объектілерге өзара іс-қимыл жасаған жағдайда, осы Заңның 9-бабының 1), 2), 2-1), 9) және 9-2) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді жинау және өңдеу процестеріне тартылған өздерінің цифрлық объектілерінің мемлекеттік сервиспен интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Интеграция Қазақстан Республикасы заңнамасының мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған мәліметтерді, сондай-ақ басқа да құпия ақпаратты ұсыну жөніндегі нормалары сақтала отырып жүзеге асырылады.

Өзге жағдайларда мемлекеттік сервиспен интеграция ерікті негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік сервиспен интеграциялау тәртібін уәкілетті орган айқындайды және «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларында айқындалады.

2. Мыналар мемлекеттік сервис арқылы қамтамасыз етіледі:

1) субъектінің немесе оның заңды өкілінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім беруі (одан бас тартуы);

2) субъектінің немесе оның заңды өкілінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісімді кері қайтарып алуы;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) субъектіні мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі өзінің дербес деректерімен жасалатын әрекеттер туралы хабардар ету (қол жеткізу, қарау, өзгерту, толықтыру, беру, бұғаттау, жою, алып тастау);

4) субъектіге мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі өзінің дербес деректерін жинауға және (немесе) өңдеуге келісімі бар меншік иелері және (немесе) операторлар туралы мәліметтерді ұсыну.

3. Осы Заңның 9-бабының 4), 6), 8) және 9-3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, субъектіні мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі оның дербес деректеріне қол жеткізуге (жинауға және өңдеуге) сұрау салулардың бастамашылары туралы мемлекеттік сервис арқылы хабардар ету қамтамасыз етіледі.

 

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

8-2-бап. Мемлекеттік емес сервис

1. Меншік иелері және (немесе) операторлар, үшінші тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісімін алу жөніндегі рәсімдерді оңтайландыру мақсатында мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың дербес деректерді қамтитын цифрлық объектілерге өзара іс-қимылы болмаған жағдайда, мемлекеттік емес сервистерді пайдалануға құқылы.

2. Мыналар мемлекеттік емес сервис арқылы қамтамасыз етіледі:

1) субъектінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді жинауға және (немесе) өңдеуге келісім беруі (одан бас тартуы);

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) субъектіні оның дербес деректерімен жасалатын әрекеттер (қарау, өзгерту, толықтыру, беру, бұғаттау, жою, алып тастау) туралы хабардар ету;

3) субъектіні үшінші тұлғалардың оның дербес деректеріне қол жеткізуі туралы хабардар ету.

 

9-бап. Дербес деректердi субъектiнiң келiсiмiнсiз жинау, өңдеу

Дербес деректерді субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз жинау, өңдеу:

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) құқық қорғау органдарының, соттардың және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қозғайтын және қарайтын өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін, атқарушылық іс жүргізуді жүзеге асырған;

2) мемлекеттік статистикалық қызметті жүзеге асырған;

2025.16.07. № 211-VIII ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)

2-1) Қазақстан Республикасының əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы заңнамасына сəйкес əскери есепке алуды жүзеге асырған;

3) дербес деректердi мiндеттi түрде иесiздендiру шартымен оларды статистикалық мақсаттар үшiн мемлекеттік органдар пайдаланған;

4) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар iске асырылған;

5) егер субъектiнiң немесе оның заңды өкілінің келiсiмiн алу мүмкiн болмаса, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаған;

2023.11.12. № 44-VIII ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді)

5-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы шоттарын ашуға, зейнетақы жинақтарының сомасы туралы, сондай-ақ шартты зейнетақы шоттары туралы ақпаратты беруге байланысты қызметті жүзеге асырған;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6) Қазақстан Республикасының адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі заңнамасының талаптары сақталған жағдайда, журналистiң заңды кәсiптік қызметi және (немесе) теле-, радиоарналардың, мерзімді баспасөз басылымдарының, ақпарат агенттіктерінің, желілік басылымдардың қызметі не ғылыми, әдеби немесе өзге де шығармашылық қызмет жүзеге асырылған;

7) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес деректер, оның iшiнде сайланбалы мемлекеттiк лауазымдарға кандидаттардың дербес деректерi жарияланған;

8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес субъект дербес деректерді ұсыну жөніндегі өз міндеттерін орындамаған;

9) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеудi, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған;

2020.03.07. № 359-VI ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 9-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

9-1) салықтық (кедендік) әкімшілендіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік кіріс органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ақпарат алған;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-2) тармақшамен толықтырылды

9-2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді қамтитын цифрлық ресурстардың резервтік көшірмесі цифрлық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына сақтауға берілген;

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 9-3) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

9-3) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау шарттарымен кәсіпкерлік субъектілерінің тікелей өз кәсіпкерлік қызметіне қатысты дербес деректері бизнес-әріптестердің тізілімін қалыптастыру үшін пайдаланылған;

2022.30.12. № 179-VІІ ҚР Заңымен 9-4) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 3 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

9-4) Қазақстан Республикасы азаматының дербес деректері «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз берілген күннен бастап, сондай-ақ соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолданудың алдындағы үш жылға дейінгі кезеңде пайдаланылған;

2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

9-5) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор мемлекеттік мүлік тізілімін қалыптастырған жəне жүргізген;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 9-5) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

9-5) көшіп келушілердің дербес деректері көшіп келушілердің эталондық дерекқорына, оның ішінде халықтың көші-қоны саласындағы цифрлық объектілерді пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде берілген;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайларда жүргізіледі.

 

10-бап. Дербес деректерге қол жеткізу

1. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерге қол жеткізу субъектінің немесе оның заңды өкілінің меншік иесіне және (немесе) операторға оларды жинауға, өңдеуге берген келісімінің шарттарымен айқындалады.

Егер меншік иесі және (немесе) оператор және (немесе) үшінші тұлға осы Заңның талаптарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді өзіне алудан бас тартса немесе оларды қамтамасыз ете алмаса, дербес деректерге қол жеткізуге тыйым салынуға тиіс.

2. Субъектінің немесе оның заңды өкілінің өз дербес деректеріне қол жеткізуге қатысты өтініш жасауы (сұрау салуы) меншік иесіне және (немесе) операторға жазбаша немесе электрондық құжат нысанында не Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қорғау іс-әрекеттерінің элементін қолдану арқылы өзге де тәсілмен беріледі.

3. Меншік иесінің және (немесе) оператордың және (немесе) үшінші тұлғаның арасындағы дербес деректерге қол жеткізуге қатысты қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Үшінші тұлғалар мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың цифрлық объектілеріндегі дербес деректерді субъектінің мемлекеттік сервис арқылы расталған келісімі болған жағдайда «цифрлық үкіметтің» веб-порталы арқылы ала алады.

 

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)  

10-1-бап. Дербес деректерді өңдеуді бастау және өңдеуді тоқтату туралы хабарлама

1. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді өңдеу басталғанға және өңдеу тоқтатылғанға дейін осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органды дербес деректерді өңдеуді жүзеге асыру және деректерді өңдеуді тоқтату ниеті туралы хабардар етуге міндетті.

2. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді жинайтын және өңдейтін шағын және орта меншік иелеріне және (немесе) операторларға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға жатқызылған жағдайда хабардар етпей өңдеуді жүзеге асыруға құқылы.

3. Осы баптың 1-тармағында көзделген хабарлама қағаз, цифрлық және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіштегі құжат түрінде жіберіледі, оған уәкілетті адам қол қояды. Хабарламада мынадай мәліметтер:

1) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның атауы (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі);

2) дербес деректерді қорғау бойынша қолданылатын шаралар;

3) дербес деректерді өңдеу басталған күн;

4) меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру мүмкіндігі немесе оның болмауы туралы;

5) дербес деректерді өңдеу процесінде оларды трансшекаралық берудің болғаны не болмағаны туралы;

6) дербес деректердің жалпыға бірдей қолжетімді көздерде таратылуы туралы;

7) субъектіге байланысты жиналатын дербес деректердің тізбесі;

8) дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің тұрған жері туралы мәліметтер;

9) меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға айқындайтын өзге де мәліметтер қамтылады.

4. Уәкілетті орган меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дербес деректерді өңдеу туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді, сондай-ақ көрсетілген хабарламаны дербес деректерді жинайтын және (немесе) өңдейтін тұлғалар тізіліміне жіберілген күн туралы мәліметтерді енгізеді.

5. Уәкілетті орган меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан дербес деректерді өңдеу тоқтатылғаны туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді дербес деректерді жинайтын және (немесе) өңдейтін тұлғалар тізілімінен алып тастайды.

 

11-бап. Дербес деректердiң құпиялылығы

1. Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізе алатын меншік иелері және (немесе) операторлар, сондай-ақ үшiншi тұлғалар субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі не өзге де заңды негіздер болмағанда оларды таратуға жол бермеу талаптарын сақтау арқылы олардың құпиялылығын қамтамасыз етедi.

2. Кәсіптік, қызметтік қажеттілікке, сондай-ақ еңбек қатынастарына байланысты қолжетімділігі шектеулі дербес деректер өздеріне белгілі болған адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

3. Биометриялық деректердің құпиялылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.

 

12-бап. Дербес деректерді жинақтау және сақтау

1. Дербес деректерді жинақтау меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректерді жинау арқылы жүргізіледі.

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының аумағындағы базада және (немесе) цифрлық объектіде жүзеге асырады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректерді сақтау мерзімі оларды жинау және өңдеу мақсаттарына қол жеткізген күнмен айқындалады.

 

13-бап. Дербес деректерді өзгерту және толықтыру

Дербес деректерді өзгертуді және толықтыруды меншік иесі және (немесе) оператор субъектінің немесе оның заңды өкілінің өтініш жасауы (сұрау салуы) негізінде не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырады.

 

14-бап. Дербес деректерді пайдалану

Дербес деректерді пайдалануды меншік иесі, оператор және үшінші тұлға оларды жинаудың бұрын мәлімделген мақсаттары үшін ғана жүзеге асыруға тиіс.

 

15-бап. Дербес деректерді тарату

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер бұл ретте өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған жағдайда дербес деректерді таратуға жол беріледі.

2. Дербес деректерді жинаудың бұрын мәлімделген мақсаттары шеңберінен шығатын жағдайларда оларды тарату субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімімен жүзеге асырылады.

 

16-бап. Дербес деректерді трансшекаралық беру

1. Дербес деректерді трансшекаралық беру - дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына беру.

2. Осы Заңға сәйкес дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беру осы мемлекеттер дербес деректерді қорғауды қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүзеге асырылады.

3. Дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз етпейтін шет мемлекеттердің аумағына дербес деректерді трансшекаралық беру мынадай:

1) өзінің дербес деректерін трансшекаралық беруге субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімі болған;

2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген;

3) егер бұл конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында қажет болса, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген;

4) егер субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімін алу мүмкін болмаса, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғаған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

4. Дербес деректерді шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беруге Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынуы немесе шектеу қойылуы мүмкін.

2017.28.12. 128-VI ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты трансшекаралық беру ерекшеліктері «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

 

2020.25.06. № 347-VІ ҚР Заңымен 17-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-бап. Дербес деректерді иесіздендіру

1. Дербес деректерді статистикалық, социологиялық, ғылыми, маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін жинау, өңдеу кезінде дербес деректерді беретін меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға оларды дербес деректерді жинау және өңдеу қағидаларына сәйкес иесіздендіруге міндетті.

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.05.07. № 115-VІІІ ҚР Заңымен (2025 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.09.01. № 256-VIII ҚР Заңымен (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Дербес деректерді иесіздендіруді меншік иесі және (немесе) оператор жүргізген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметті іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу кезінде дербес деректерді иесіздендіруді деректерді басқару талаптарына сәйкес «цифрлық үкіметтің» операторы жүзеге асырады.

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

3. Дербес деректерді иесіздендіруді меншік иесі және (немесе) оператор өзі дербес жүргізген жағдайды қоспағанда, жасанды интеллектінің ұлттық платформасы үшін дербес деректерді жинау, өңдеу кезінде дербес деректерді иесіздендіруді жасанды интеллектінің ұлттық платформасының операторы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

 

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

18-бап. Дербес деректерді жою, алып тастау

Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға дербес деректерді:

1) осы Заңның 12-бабының 2-тармағына сәйкес сақтау мерзімі өткен соң;

2) субъект, меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға арасындағы құқық қатынастары тоқтаған кезде;

3) сот шешімі заңды күшіне енген кезде;

2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)

3-1) осы Заңның 7-бабының 5-тармағында және 9-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дербес деректерді жинау және өңдеу анықталған кезде;

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де жағдайларда жоюға, алып тастауға тиіс.

Дербес деректерді алып тастау туралы талап Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексінің 41-бабының 4-тармағында айқындалған жағдайларда орындалмауға тиіс.

 

19-бап. Дербес деректермен іс-әрекеттер жасау туралы хабарлама

1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, меншік иесі және (немесе) оператор субъектінің дербес деректерін үшінші тұлғаға беру жөнінде оны хабардар ету туралы шарттар болған кезде бұл туралы осы субъектіні немесе оның заңды өкілін он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптары:

2026.24.06. № 326-VIII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өз функцияларын орындаған, сондай-ақ адвокаттар қызметін жүзеге асырған;

2) дербес деректерді статистикалық, социологиялық немесе ғылыми мақсаттарда жинауды және өңдеуді жүзеге асырған жағдайларға қолданылмайды.

 

2025.17.11. № 231-VIII ҚР Заңымен 19-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

19-1-бап. Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге қойылатын талаптар

1. Субъектінің келісімі алынған жағдайды қоспағанда немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда, салдарынан субъектіде құқықтар, заңды мүдделер туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын дербес деректерді автоматтандырылған өңдеуге тыйым салынады.

2. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға субъектіге өзінің дербес деректерін автоматтандырылған өңдеудің тәртібін және ықтимал салдарларды түсіндіруге, өзінің дербес деректерін автоматтандырылған өңдеуге қарсылық білдіру мүмкіндігін беруге, сондай-ақ субъектінің өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауы тәртібін түсіндіруге міндетті.