«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 510 Қаулысы (күші жойылды)

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 510 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1561 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 240-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Ағымдағы жағдайды және даму үрдістерін талдау» деген 2-бөлімде:

«Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:

«1. Дамудың негізгі параметрлері» деген кіші бөлімде:

«Су көлігі» деген кіші бөлімде:

сегізінші бөліктегі «Ішкі кеме қатынасы жолдарының ұзындығы 2011 жылдың соңында 4094 км құрады» деген сөйлем алынып тасталсын;

«Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту» деген 2-стратегиялық бағытта:

«1. Дамудың негізгі параметрлері» деген кіші бөлімде:

бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазіргі уақытта Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 700 млрд. АҚШ долларын құрайды, кейбір болжамдар бойынша 2015 жылға қарай аталған көрсеткіш 1 трлн. АҚШ долларына, ал Қазақстан бойынша транзитінен түсетін табыс 2015 жылға қарай шамамен 1,5 млрд. АҚШ долларына жетеді деп болжануда (2007 жылы - 500 млн. АҚШ доллары). Жалпы алғанда Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия - Еуропа бағыттарындағы транзиттік ағымдар шамамен 330 - 400 млрд. АҚШ долларына бағалануда, бұл ретте осы ағымдардың 20 %-ы Қазақстан аумағы арқылы өтуі мүмкін.»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.