Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 13 мамырдағы № 150 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 16 мамырдағы № 208 Бірлескен бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 және 29-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Көмір шахталарындағы қауіпсіздік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 327 және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2000 жылғы 13 қазандағы № 235 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1301 тіркелген);