«Озон қабатын бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттарды экспорттауға және импорттауға лицензиялар беру, лицензиялардың телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 393-ө бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 369 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Қоршаған ортаны қорғау министрінің

2012 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 393-Ө бұйрығына

2-қосымша



«Озон қабатын бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттарды экспорттауға

 және импорттауға лицензиялар беру, лицензиялардың телнұсқасын беру»
электрондық мемлекеттік қызметтің регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Озон қабатын бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттарды экспорттауға және импорттауға лицензиялар беру, лицензиялардың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - қызмет) мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - қызмет) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) көрсетеді, халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталықтар) арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz  немесе «е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz арқылы көрсетіледі.

2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамызда № 1033 Қаулысымен бекітілген «Озон қабатын бұзатын және құрамында олардың өнімдері бар заттарды экспорттауға және импорттауға лицензиялар беру, лицензиялардың телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет  Стандарты негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Стандарт).

3. Қызметтің автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. Осы регламентте қолданылған ұғымдар мен қысқартулар:

1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;

2) ақпараттық жүйе - аппараттық-бағдарламалық кешенді қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, іздеу, тарату, тапсыру және беру үшін арналған жүйе (бұдан әрі - АЖ);

3) БНАЖ - бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе;

4) бизнес-сәйкестендіру нөмірі - бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.