«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті (Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 99 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 15 тамыздағы № 244 Қаулысымен күші жойылды

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің

2013 жылғы 11 сәуірдегі

№ 99 қаулысымен бекітілген

 

 

«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
 электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
 
1. Жалпы ережелер

 

1. «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - электрондық мемлекеттік қызмет) «Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қызмет беруші), халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы (бұдан әрі - Орталық), сонымен қатар «электрондық үкімет» веб - порталы арқылы www.e.gov.kz  мекен - жайда және «Е - лицензиялау» веб - порталы арқылы www.elicense.kz  мекен - жайда көрсетіледі.

2. Электрондық мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және жергілікті атқарушы органдар көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 1033 қаулысымен бекітілген «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет Стандартының негізінде көрсетіледі.

3. Электрондық мемлекеттік қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің түрі: транзакциялық.

5. «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - Регламент) пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) АЖО - автоматтандырылған жұмыс орны;

2) бизнес - сәйкестендіру нөмірі - бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкілдік) және жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі - БСН);

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.