«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 444 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 30 сәуірдегі № 444 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1507 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

«Миссия және пайымдау» деген 1-бөлімде:

«Пайымдауда» төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Осыған орай, Министрліктің алдағы уақыттағы жұмысының негізгі бағыттары мыналар болады:

1) еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу;

2) жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу;

3) халықтың көші-қоны саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

4) азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету;

5) халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу;

6) халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру.»;

«Ағымдағы ахуалды талдау және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістері» деген 2-бөлімде:

«Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу» деген 1-стратегиялық бағытта:

«Негізгі проблемаларды талдауда»:

3-тармақ алынып тасталсын;

«Жұмыспен нәтижелі қамтуға жәрдемдесу» деген 2-стратегиялық бағытта:

«Саланы дамытудың негізгі параметрлерінде» «Еңбек нарығы және жұмыспен қамтуда» төртінші және бесінші бөліктер алынып тасталсын;

«Негізгі проблемаларды талдауда» 4) тармақшаның екінші бөлігі алынып тасталсын;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.