«Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НП нормативтік қаулысы (2014.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасын бекіту туралы
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 3-НП нормативтік қаулысы

(2014.10.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті қаулы етеді:

1. Мыналар:

1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасы, 1-қосымшаға сай;

2) Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссияларының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу қағидасы, 2-қосымшаға сай бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 2-НП нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7190 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 11 қазанда № 488-490 (26882) жарияланған);

2) «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың кейбір мәселелері 2011 жылғы 12 тамыздағы №1-НП және «Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» 2011 жылғы 18 тамыздағы №2-НП нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 1-НП нормативтік қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7808 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 9 тамызда № 483-488 (27561) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.