«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 23 сәуірдегі № 127-НҚ бұйрығы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 14-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 ақпандағы № 57-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерін Мемлекеттік тіркелімге енгізу және шығару ережесінің 14 бабының 8, 15 және 16-тармақтарының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекетгік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімінде:
реттік нөмірі 23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«