«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті (Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қарашадағы № 2373 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 мамырдағы № 980 Қаулысымен күші жойылды

 

Петропавл қаласы ауданы әкімдігінің

2012 жылғы 14 қарашадағы № 2373

қаулысымен бекітілген

 

 

«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы
лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламенті


1. Негізгі ұғымдар

 

1. Осы «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентінде (бұдан әрі - регламент) келесі ұғымдар және қысқартулар қолданылады:

1) уәкілетті орган - «Петропавл қаласынының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

2) уәкілетті органның басшылығы - «Петропавл қаласынының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшылығы;

 

 

2. Жалпы ережелер

 

2. Осы Регламент «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 бабының 4 тармағына сәйкес әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет қалалық білім бөлімі - «Петропавл қаласынының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі- білім бөлімі) және осы регламентке 1, 2-қосымшаларға сәйкес білім беру ұйымдарымен көрсетіледі.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет жергілікті және республикалық бюджет есебінен тегін көрсетіледі.

6. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.