«Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 205 Өкімі

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 205 Өкімі

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат; 2006 ж., № 11, 101-құжат; 2007 ж., № 9, 99-құжат; 2008 ж., № 47, 525-құжат; 2010 ж., № 53, 498-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерінде:

№ 1 және № 2 нысандар осы өкімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;

2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын және олардың құжаттарын сатып алу, есепке алу мен сақтау тәртібі туралы нұсқаулықты әзірлеп, бекітсін.».

2. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 28 мамырдағы

№ 205 өкіміне

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің 1999 жылғы

8 қарашадағы № 90 өкіміне

ҚОСЫМША

 

№ 1 Нысан

 

Қазақстан Республикасы

________________________

(облысы)

 

 

НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

 

1. Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________________________________________________

2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________________________________________________________

3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің атауы дәл көрсетілуі керек)

_______________________________________________________________________________________________________

4. Жынысы ____________________________________ 5. Туған жылы мен туған жері ______________________________

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.