«2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 10-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 мамырдағы № 13-3 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9, 109 баптарына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2013-2015 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 10-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1860 болып тіркелген, 2013 жылдың 2 қаңтарында № 1 «Жамбыл Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) тармақшадағы «22 275 886» сандары «22 620 298» сандарымен ауыстырылсын;
«4 883 685» сандары «5 129 391» сандарымен ауыстырылсын;
«69 919» сандары «85 278» сандарымен ауыстырылсын;
«436 436» сандары «606 539» сандарымен ауыстырылсын;
«16 885 846» сандары «16 799 090» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «22 557 307» сандары «22 901 719» сандарымен ауыстырылсын.
Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа басылымда мазмұндалсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2013 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық мәслихат сессиясының төрағасы С. Мырзалиев | Тараз қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Нарбаев |
2013 жылғы 24 мамырдағы
№ 13-3 шешіміне қосымша
Тараз қалалық мәслихатының
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 10-3 шешіміне 1-қосымша
Тараз қаласының 2013 жылға арналған бюджеті
Санаты | Сомасы, мың теңге | |||
| Сыныбы | |||
|
| Iшкі сыныбы | ||
|
|
| Атауы | |
1 |
|
| 2 | 3 |
|
|
| 1. КІРІСТЕР | 22 620 298 |
1 |
|
| САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР | 5 129 391 |
| 01 |
| Табыс салығы | 1 840 325 |
|
| 2 | Жеке табыс салығы | 1 840 325 |
| 03 |
| Әлеуметтік салық | 1 443 341 |
|
| 1 | Әлеуметтік салық | 1 443 341 |
| 04 |
| Меншікке салынатын салықтар | 1 272 040 |
|
| 1 | Мүлікке салынатын салықтар | 579 912 |