Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 сәуірдегі № 230 бұйрығы
(2013.29.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 161 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 23) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесі (бұдан әрі - Экономикалық кеңес) құрылсын.
2. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің құрамы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесі туралы ереже;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Экономикалық кеңесте қарау үшін ұсынылған материалдарға талаптар бекітілсін.
3. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын өзім бақылаймын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013.29.08. № 496 Бұйрығымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2013 жылғы 17 сәуірдегі
№ 230 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономикалық кеңесінің
құрамы