«Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 мамырдағы № 172 бұйрығы

«Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 мамырдағы № 172 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 184-185 (26587) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Диссертациялық кеңес кеңестің төрағасынан, төраға орынбасарынан, ғалым хатшыдан және кеңес мүшелерінен тұрады. Диссертациялық кеңестің құрамына кемінде 5 (бес) адам кіреді.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Әрбір мамандық бойынша диссертациялық кеңестің құрамына ғылыми дәрежесі және тиісті зерттеу саласында кемінде 5 ғылыми мақаласы бар кемінде 3 (үш) маман қосылады. Бұл ретте диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 1/3-і (үштен бірі) штаттық қызметкерлер, кемінде 1/3-і (үштен бірі) басқа ЖОО өкілдері, кемінде 1/3-і (үштен бірі) ғылыми немесе басқа ұйымдардың өкілдері болуы тиіс.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Диссертациялық кеңестің құрамы ЖОО-ның Ғылыми кеңесінің хаттамалық шешімімен бекітіледі. Диссертациялық кеңестің басқа қалаларда тұратын мүшелерінің іссапар шығыстары диссертациялық кеңес жұмыс істейтін ЖОО есебінен төленеді.»;

11-13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.