«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 109 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 109 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 12 қазанда № 7996 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 5 желтоқсанда № 799-801 (27872) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарының қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылардың тізімі Ұлттық Банктің ақпарат стендінде, жалпыға бірдей көру үшін қолжетімді орында, құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырылады.»;

37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Егер конкурс нәтижесінде конкурстық комиссия Ұлттық Банк қызметшілерінің ұсынылған бос лауазымдарына кандидаттарды анықтамаса, Ұлттық Банк қызметшісінің бос лауазымына орналасу Қағидалардың 3-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;

1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.