(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 2012.23.11 № 54-V ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы

 

Осы редакция 2013 жылғы 21 маусымда және 24 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Осы Заңды іске асыру туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 Қаулысын қараңыз

 

1-бап. 2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 5 331 510 413 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша - 3 736 035 959 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша - 58 833 042 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 19 450 000 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша - 1 517 191 412 мың теңге;

2) шығындар - 6 023 748 036 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу - 27 322 863 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер - 116 487 080 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу - 89 164 217 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 65 615 194 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 80 052 694 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 14 437 500 мың теңге;

5) тапшылық - -785 175 680 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,1 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 785 175 680 мың теңге.

 

2-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 077 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 680 721 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.

 

3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2013 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

 

4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн:

1) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режімі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти;

2) бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ бұрын автомобиль жолдарын пайдаланушылардың Жол қорына түсiп келген аударымдары.

Бұл ретте, салық режімі тұрақтылығының кепілдіктері сақталатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады;

3) «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қоспағанда)» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек;

4) «Өндiрушiлер көтерме саудада өткізетін, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.

 

5-бап. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуi нәтижесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады.

 

6-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi 121 056 185 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

Атырау облысынан - 44 225 473 мың теңге;

Маңғыстау облысынан - 24 607 177 мың теңге;

Алматы қаласынан - 52 223 535 мың теңге.

 

7-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен трансферттердiң түсiмдерi мыналарды:

1) көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді - 55 913 мың теңге;

2) «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесін - 889 999 мың теңге;

3) жедел ден қою арнайы жасағын - 1 457 943 мың теңге;

4) республикалық маңызы бар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компоненттері мен препараттарын өндіру жөніндегі функцияларды - 908 556 мың теңге;

5) жергілікті атқарушы органдардың:

мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау және лицензиялау мәселелері жөніндегі өкілеттіктерін - 754 640 мың теңге;

педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мәселелері жөніндегі өкілеттіктерін - 1 567 317 мың теңге;

халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктерін - 10 500 859 мың теңге - беруге байланысты көзделсін.

Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен трансферттердiң көрсетілген сомаларының республикалық бюджетке түсiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 

8-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферттiң мөлшерi 1 380 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.

 

9-бап. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап:

1) жалақының ең төменгi мөлшерi - 18 660 теңге;

2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi - 9 330 теңге;

3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi - 19 066 теңге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш - 1 731 теңге;

5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 18 660 теңге болып белгiленсiн.

 

10-бап. Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 002 «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

11-бап. 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн.

 

12-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана қаласының бюджетіне берiлетiн субвенциялар көлемi 865 844 050 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде:

Ақмола облысына - 53 074 025 мың теңге;

Ақтөбе облысына - 32805572 мың теңге;

Алматы облысына - 103 465 940 мың теңге;

Шығыс Қазақстан облысына - 89 281 704 мың теңге;

Жамбыл облысына - 87 075 850 мың теңге;

Батыс Қазақстан облысына - 13 485 381 мың теңге;

Қарағанды облысына - 58 562 240 мың теңге;

Қостанай облысына - 51 166 230 мың теңге;

Қызылорда облысына - 71 143 181 мың теңге;

Павлодар облысына - 27 722 239 мың теңге;

Солтүстiк Қазақстан облысына - 50 819 740 мың теңге;

Оңтүстiк Қазақстан облысына - 220 321 863 мың теңге;

Астана қаласына - 6 920 085 мың теңге.

 

13-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне:

1) көші-қон полициясының қосымша штат санын ұстауға, материалдық-техникалық жарақтандыруға;

2) оралмандарды уақытша орналастыру орталығын және оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығын күтіп-ұстауға және материалдық-техникалық жарақтандыруға;

3) қылмыстық-атқару жүйесі мемлекеттік мекемелері жалпы білім беретін мектептерінің педагог қызметкерлері штат санының берілуіне байланысты;

4) жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

5) режімдік стратегиялық объектілерге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын штат санын ұстауға;

6) жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен ұсталатын ішкі істер органдары қызметкерлеріне арнаулы атағы үшін қосымша ақы мөлшерін арттыруға;

7) эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге;

8) тұқым шаруашылығын қолдауға;

9) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыруға;

10) мал шаруашылығын дамытуға;

11) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге;

12) облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі және орташа жөндеуге;

13) метрополитенмен жолаушылар тасымалдарын субсидиялауға;

14) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға;

15) «Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлердiң экономикалық дамуына жәрдемдесу жөнiндегi шараларды iске асыруға;

16) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға;

17) «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде өңiрлерде жеке кәсiпкерлiктi қолдауға;

18) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға;

19) Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға;

20) қорғаншыларға (қамқоршыларға) жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағу үшін ай сайын ақша қаражатын төлеуге;

21) техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханаларын жаңартуға және қайта жабдықтауға;

22) мектеп мұғалімдеріне және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға;

23) өндірістік оқытуды ұйымдастыру үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлеріне қосымша ақы белгілеуге;

24) үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті арттырудан өткен мұғалімдерге төленетін еңбекақыны арттыруға;

25) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетуге;

26) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушыларына (мұғалімдеріне) жалақыдағы айырманы төлеуге;

27) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын ұлғайтуға;

28) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге;

29) жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға;

30) табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыруға;

31) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға;

32) жаңадан іске қосылатын спорт объектілерін күтіп-ұстауға;

33) спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы мөлшерін ұлғайтуға 2013 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттердi бөлу және (немесе) оларды пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 

14-бап. Мынадай:

1) ауыл шаруашылығы өнімі өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау;

2) ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу;

3) ауыл шаруашылығы техникасының кредиттері (лизингі) бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерін арзандату;

4) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және Қазақстан Республикасын әлеуметтік жаңғырту шеңберінде зерттеулер жүргізу;

5) «Қарағандышахтатарату» республикалық мемлекеттік мамандандырылған кәсіпорнына берiлген, таратылған шахталар қызметкерлерiне келтiрiлген зиянды өтеу бағыттары бойынша iске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 

15-бап. Мынадай:

1) облыстық бюджеттерді, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредиттеу;

2) Астана қаласының бюджетін авариялық тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыруға кредиттеу;

3) инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу;

4) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау, салу және (немесе) сатып алу бағыттары бойынша іске асырылатын, «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

16-бап. Мынадай:

1) кәсіпкерлікке микрокредит беру үшін облыстық бюджеттерді кредиттеу;

2) жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау;

3) жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беру;

4) кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу - кәсіпкерлікке оқыту;

5) қоныс аударуға субсидия беру;

6) ағымдағы жайластыру бағыттары бойынша іске асырылатын, Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

17-бап. Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын іске асыруға арналған қаражатты бөлу және (немесе) оны пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 

18-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2013 жылға арналған қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады.

 

19-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру бойынша қаражатты бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады.

 

20-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылға арналған резервi 59 434 270 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.

 

21-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Азия даму қорына Қазақстанның донорлық жарнасын төлеу 780 000 мың теңге сомасында көзделсiн.

 

22-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте шартты түрде қаржыландырылатын шығыстар 200 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн.

 

23-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi шығындарының құрамында мемлекеттiк материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған материалдық құндылықтарды өткізуден түскен 800 000 мың теңге сомасындағы қаражатты көрсете отырып, 12 079 956 мың теңге сомасында қаражат көзделгені ескерілсін.

 

24-бап. Қарыз алушы қаза болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда, мемлекеттік білім беру кредиттері және студенттік кредиттер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады деп белгіленсін.

 

25-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша таратылған заңды тұлғаларға мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі және берешегінің көлемі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің талаптары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылады деп белгіленсін.

 

26-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы болған күннен бастап алты ай ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жетіспейтін құжаттаманы табыс етуі туралы кейінге қалдыру шартымен бюджеттік инвестицияларды іске асыру көзделсін, ол аталған шарт сақталмаған кезде түзетілуге жатады.

 

27-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 296 904 мың теңге көзделсiн.

 

28-бап. 2013 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитi 60 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

 

29-бап. 2013 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 4 700 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

 

30-бап. 2013 жылы мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 50 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн.

 

31-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті 2013 жылы қолданылмайды деп белгіленсін.

 

32-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

2013 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн.

 

33-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н.НАЗАРБАЕВ

 

 

Астана, Ақорда, 2012 жылғы қарашаның 23-і.

№ 54-V ҚРЗ

 

«2013 - 2015 жылдарға арналған

республикалық бюджет туралы»

Қазақстан Республикасының

2012 жылғы 23 қарашадағы

№ 54-V Заңына

1-ҚОСЫМША

 

 

2013 жылға арналған республикалық бюджет