Түпнұсқада мазмұны жоқ
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «бірыңғай тіркеуші», «бірыңғай тіркеушінің» деген сөздер «тіркеуші», «тіркеушінің» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред. қара)
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын арттыруға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына жол бермеуге жағдайлар жасауға бағытталған.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушы - қаржылық ұйымның қызмет көрсетуiн пайдаланушы, сондай-ақ өз қаражаттарын қаржы құралдарына инвестициялайтын жеке немесе заңды тұлға;
2) қаржы рыногындағы кәсiби қызмет - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызмет;
2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;
4) қаржылық ұйым - қаржылық қызмет көрсету жөніндегі кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;
Для того, чтобы получить доступ к документу,
Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.