2-ескерту: Бір интегралды микросхемада немесе бір баспа палатасында көптеген «ЕЭ» бола алады.
3-ескерту: Егер дайындаушы осы жүйелерді басқару жөніндегі нұсқаулықта немесе кітапшада біріктірілген, орны ауыстырылған, қатарлас немесе бір мезгілдік операциялардың немесе іс-қимылының болуы туралы мәлімдесе, «ЕЭ»-нің бір мезгілдегі жұмыс істеуі орын алады деп есептеледі.
4-ескерту: «ТЖӨ»-нің мәні «жергілікті есептеу желілеріне», кең ауқымды есептеу желілеріне, ортақ кірме-шығару құрылғыларына, кірме-шығару бақылаушылары мен «бағдарламалық құралдармен» іске асырылған кез келген басқа да коммуникациялық қосылыстарға байланыстырылған «ВЭ» комбинациялары үшін қосындыланбайды.
5-ескерту: «ЕЭ» арнайы әзірленген аппараттық құралдарды пайдалану жолымен біртұтас конфигурацияға біріктірілген жағдайда, «ТЖӨ»-нің мәні «ЕЭ»-ні біріктіру, олардың бір мезгілдегі жұмысы мен жад бөлу (немесе көбейту) есебінен олардың сипаттамаларын арттыру үшін арнайы әзірленген көптеген «ЕЭ» үшін қосындылануы тиіс.
Мұндай біріктірілу 4А003.С тармағында сипатталған «электрондық жинақтауларға» жатпайды.
«ТЖӨ» = ТӨ1 + С2 х ТӨ2 +... + Сn х ТӨn,
мұнда ТӨ мәні оның шамасы бойынша ретке келтірілген, яғни ТӨ1 мейлінше үлкен шамаға ие, ТӨ2 шамасы бойынша екінші маңызға ие, солай кете береді, сөйтіп ақырында, ТӨn ең аз шамаға ие болады. Сі коэффициенттері мынадай түрде «ЕЭ» арасындағы өзара байланыс күшімен айқындалады:
Жалпы жадтағы бір мезгілде жұмыс істейтін ЕЭ көп болған жағдайда:
С2 = С3 = С4=...= Сn = 0,75
1-ескерту: Егер жоғарыда аталған әдіс бойынша есептелген «ТЖӨ» шамасы 194 Мтопс-тен аспаса, онда Сі былай айқындалына алады:
0,75
Ci=------------ (і=2,...,n)
Vm
мұндағы m = әрбір «ЕЭ» немесе жалпы қол жетімді «ЕЭ» топтары, мынадай шартта:
1. Әрбір «ЕЭ»-тің немесе «ЕЭ» топтарының ТРі -і 30 Мтопс-тен аспайды.
2. «ЕЭ» немесе жалпы қол жетімді «ЕЭ» топтары негізгі жадқа бір арна бойынша жүзеге асырылады (кэш-жадты қоспағанда); және
3. Тек бір «ЕЭ» немесе «ЕЭ» тобы осы арнаны кез келген уақытта пайдалана алады.
Ерекше ескерту: мұның 3-санат бойынша бақыланатын бұйымдарға қатысы жоқ.
2-ескерту: Егер олар қатты денелі жадтың жалпы блогына бағытталатын болса «ЕЭ» жалпы жадқа ие деп есептелінеді. Бұл жад кэш-жадты, жедел жадты немесе ішкі жадты қамти алады. Диск енгізгіш, магнит таспасындағы жинақтаушылар немесе еркін қол жеткізілетін дискілер түріндегі сыртқы жад мұнда кірмейді.
Жалпы жадқа ие емес, деректер берудің бір немесе одан көп арналарымен өзара байланысты көптеген «ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары жағдайы үшін:
Сі = 0,75х kі (і = 2,...,32) (Төмендегі ескертуді қараңыз)
= 0,60 x ki (і = 33,...,64)
= 0,45 x ki (і = 65,...,256)
= 0,30 х ki (і > 256),
Сі мәні «ЕЭ» санына байланысты және байланыстардың санына қатысты емес.
мұндағы
ki = min (Si/Kr, 1), және
Кr = 20 МБайт/с-ға тең нормалаушы көбейткіш
Si = жалпы жадқа ие, «ЕЭ»-нің немесе «ЕЭ» топтарының і-не жататын деректер берудің барлық арналары үшін деректер берудің ең жоғары жылдамдығының жиынтығы.
«ЕЭ» тобы үшін есептеу кезінде топтағы бірінші «ЕЭ»-нің нөмірін Сі үшін өзінің шегі айқындайды. Мысалы, әрқайсысы үш «ВЭ»-ден тұратын топтар конфигурациясында 22-топ «ЕЭ»64, «ЕЭ»65 және «ЕЭ»66-ны қамтитын болады. Осы топтағы Сі -дің өзінің шегі 0,60-қа тең.
Конфигурацияларды («ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары) ең тезінен ең баяуына қарай анықтау керек, яғни:
ТӨ1>= ТӨ2>=...>= ТӨn, және
ТӨі = ТӨі+1, жағдайында ең үлкен мәнінен ең төмен мәніне қарай анықтау керек, яғни:
Ci < Ci+1
Ескерту: егер ТПі »ЕЭ» немесе «ЕЭ» топтары 50Мтопс-тен үлкен болса, кі көбейткіші 2-ден 12-ге дейінгі «ЕЭ»-ге қолданылуы тиіс емес; яғни «ЕЭ» үшін Сi: 2-ден 12-ге дейін 0,75-ке тең.
Телекоммуникациялар және «ақпарат қорғау»
1-Бөлім
Телекоммуникациялар
1-ескерту: Телекоммуникациялық жабдық немесе жүйелер үшін арнайы әзірленген компоненттердің «лазерлік», сынақ және «өндірістік» жабдықтың, материалдар мен «бағдарламалық қамтамасыз ету» жабдығының бақылаулық мәртебесі 5-санаттың 1-бөлімінде айқындалады.
2-ескерту: Телекоммуникациялық жабдықтың жұмыс істеуі немесе қолдау үшін қажетті «цифрлық ЭЕМ», онымен байланысты жабдық немесе «бағдарламалық қамтамасыз ету» бұл санатта олар өндіруші беретін стандартты моделдер болып табылатын жағдайда арнайы жобаланған компоненттер ретінде қаралады. Бұл жерде әңгіме компьютерлік жүйелердің жұмыс істеуі, әкімшіліктендірілуі, пайдаланылуы, жобалану немесе құқықтық мәселелері жөнінде болып отыр.
5А1 Жүйелер, жабдық және компоненттер
5А001 а. Мынадай сипаттамалардың, қасиеттердің немесе функциялардың кез келгеніне ие телекоммуникациялық жабдық:
1. Ядролық жарылыс кезінде туындайтын қысқа уақыттық немесе электр-магниттік импульстерден қорғау үшін арнайы әзірленген;
2. Гаммалық, нейтрондық немесе иондық сәулеленуге жоғары төзімділігі бар; немесе
218 К (-55oС)-тен 397 К (124oС)-ке дейінгі температуралы аралық шектерінде жұмыс істеу үшін арнайы әзірленген.
Ескерту: 5А001.а.3 тармақ тек электронды аппаратураға қолданылады.
Ескерту: 5А001.а.2 және 5А001.а.3 тармақтар спутниктердің борттық аппаратурасына қолданылмайды.
b. Мынадай сипаттамалардың, қасиеттердің немесе функциялардың кез келгеніне ие, телекоммуникациялық қабылдау-беру жүйелері мен аппаратура және арнайы әзірленген компоненттер мен тиісті жабдық:
1. Мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие су асты байланысының жүйелері:
а. 20 Гц-ден 60 кГц-ке дейінгі интервал шектеріндегі жиіліктегі акустикалық;
b. 30 кГц-ден төмен жиіліктегі электр-магнитті пайдаланатындар; немесе
с. Сәулені электронды-сканирлеу әдістерін пайдаланушылар;
2. 1,5 МГц-ден 87,5 МГц-ге дейінгі жиіліктер диапазонында жұмыс істейтін, мынадай сипаттамалардың кез келгеніне ие радиоаппаратура:
а. 15 децибел кедергі сигналын басуды қамтамасыз ететін адаптивті әдістерді қамтиды; немесе
b. Мынадай құрауыштары бар:
1. жиіліктердің мәнін және беруді оңтайландыруға арналған арнаға «цифрлық берудің жалпы жылдамдығын» автоматты болжайтын және таңдайтын; және
2. 1,5 МГц немесе одан жоғары диапазонда 1 кВт немесе одан артық шығу қуатымен бірақ 30 МГц-дан аз 250 Вт немесе одан жоғары шығу қуатымен 30 МГц немесе одан жоғары, бірақ 87,5 МГц-дан артық емес, бір октавада «өткізудің шекті бөлеуінен» жоғары немесе одан артық және шығуында 80 дБ-дан жақсы үйлестірмемен және бұрмалаулармен арақатынастағы көптеген сигналдарды бір мезгілде қолдауға қабілетті қондырылған қуатты сызықты күшейткіш;
3. Келесі сипаттамалардың кез келгеніне ие, «жиіліктердің секірмелі қайта реттелін» қоса алғанда, «спектрдің кеңею» әдісін пайдаланатын радиоаппаратура:
а. Пайдаланушы бағдарламалайтын кеңею коды; немесе
b. Жиіліктерді беру белдеуінің жиынтық ені кез келген бір ақпараттық арнаның белдеуінен 100 немесе одан әлденеше асатын және 50 кГц-ден астам құрауыштары бар:
Ескерту: 5А001.3.b тармақ бойынша азаматтық жиіліктерге арналған ұялы байланыстың жүйелерінде пайдаланылатын жабдық бақыланбайды.
Ескерту: 5А001.b.3. тармақ бойынша 1,0 Вт немесе одан кем шығу қуатымен жұмыс істейтін жабдық бақыланбайды.
4. «Кең алаңды жиілік модуляция» (КЖМ) әдісін пайдаланатын, пайдаланушы бағдарламалайтын арна жасауы немесе код беруі (скремблирлеуші) бар радиожабдық;
5. Мынадай барлық сипаттамаларға ие цифрлық басқарылатын радиоқабылдағыштар:
а. 1000-нан астам арнасы бар;
b. «Жиілікті қосу уақыты» 1 мс-ден кем;
с. Электрмагниті жиіліктер саласында автоматты іздеу немесе сканирлеу; және
d. Қабылданған сигналды бірдейлендіру немесе беруші түрінің мүмкіндігі; немесе
Ескерту: 5А001.b.4 тармақ бойынша азаматтық жиіліктерде жұмыс істейтін ұялы байланыс жабдығы бақыланбайды;
6. 2400 бит/с-тен кем жылдамдықтағы сөзді кодтауды қамтамасыз етуге арналған «сигналды цифрлық өңдеу» функциясын пайдаланады;
Техникалық ескерту: Айнымалы жылдамдықтағы сөзді кодтауды қамтамасыз ету үшін 5А001.b.6. тармағы сөзді кодтау үшін үздіксіз сөздік шықпаны пайдаланады.
с. Мыналар секілді оптоталшықты байланыс кабелдері, оптикалық талшықтар мен керек-жарақтар:
1. Ұзындығы 500 м-ден астам және дайындаушының ерекшелеуіне сәйкес бақылаулық тестте 2 x 109 №/m2 және одан жоғары созылу кернеуіне төзетін оптикалық талшықтар;
Техникалық ескерту:
Бақылау тесті - бұл диаметрі шамамен 150 мм жетекші біліктердің арасынан өту кезінде 0,5-тен 3 м-ге дейінгі ұзындықтағы талшыққа 2-ден 5 м/с-ге дейінгі жүріс жылдамдығында берілген кернеу түсіру болып табылатын дайындау сатыларында немесе дайындаудан кейінгі тексеру. Бұл ретте қоршаған ортаның температурасы 293 К (20oС) тең және салыстырмалы ылғалдылық 40%-ке тең. Бақылау тестті жүргізу кезінде тиісті ұлттық стандарттар пайдаланылуы мүмкін.
2. Су астында пайдалану үшін әзірленген оптоталшықты кабелдер мен керек-жарақтар.
Ескерту: 5А001.c.2 тармақ бойынша азаматтық пайдалануға арналған стандартты телекоммуникациялық кабелдер мен керек-жарақтар бақыланбайды.
1-ерекше ескерту: Су астындағы құбырлық кабельдер мен олардың ажыратпаларына қатысты 8А002.а.3 тармақты қараңыз.
2-ерекше ескерту: Оптоталшықты корпустық ажыратпалар мен қосылыстарына қатысты 8А002.c тармақты қараңыз.
d. 31 ГГц-ден жоғары жиіліктерде жұмыс істейтін «сәулені электронды сканирлейтін антенналы фазаланған торлар».
Ескерту: 5А001d тармақ бойынша СВЧ-диапазондағы қону жүйелерін жабатын, Азаматтық авиацияның халықаралық стандартын (ИКАО) қанағаттандыратын аппаратурасы бар қону жүйелеріне арналған «антенналы фазаланған торлар» бақыланбайды.